- 12 қар. 2016 00:00
- 204
Мектепке дейінгі ұйымдарда орын кезегін үлестіруге көңіл тола қояр ма екен
Ақпараттық-талдау орталығы «білім берудің және ғылымның сапасына қанағаттанушылыққа мониторинг жасау» жобасының аясында үш кең ауқымды әлеуметтік зерттеуді қорытындылады.
«Білім беру бұл - ең алдымен қоғамның әлеуметтік тапсырысы. Сондықтан да Білім және ғылым министрлігі бірқатар әлеуметтік зерттеулер өткізуге бастамашылық етті, олар халықпен кері байланыс орнатудың ықпалды тетігі болып табылады. Зерттеу Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыды. Сауалнамаға 5 500 респондент қатысты»,-деп атап өтілген Ақпараттық-талдау орталығының мәліметінде.
Белгілі болғандай, нәтижелер халықтың білім және ғылым саласында жүзеге асырылып жатқан бастамалар туралы ақпаратқа жоғары қызығушылық танытанын дәлелдейді. ҚР БҒМ мен өңірлердегі білім басқармаларының ресми веб-парақшаларына қарағанда, телевизия ақпаратты тартудың кең таралған қайнар көзі болып қалды.
Халық пен сарапшылар жергілікті атқарушы органдардың мектепке дейінгі ұйымдарда орын кезегін үлестіру қызметін, бейінді министрліктің нормативтік құқықтық актілерді сапалы әзірлеу қызметін төмен бағалайды.
«Халықтың 72 пайызы мемлекеттің 2017 жылдан бастап бірінші жұмысшы мамандықты тегін беру саясатына қанағаттанады. Респонденттердің пікірінше, бұл жастардың қоғамда әлеуметтенуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (69%), еліміздегі жұмыссыздықтың деңгейін төмендетеді (66%) және жұмысшы мамандықтардың беделін арттырады (62%). Сауалнама мен басты респондеттердің тереңдетілген сұхбаттарының нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсыныстар білім мен ғылым саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлеуде ескерілуі тиіс»,-делінген орталық хабарламасында.