- 17 ақп. 2022 00:00
- 201
Мектепте «Өзін өзі тану» пәні алдағы уақытта қалай оқытылады
ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өзін-өзі тану» пәніне қатысты министрлік өкілдерінің көзқарасы туралы мәлім етті.
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Білім және ғылым министрлігіне бұл пәнді білім бағдарламалары тізімінен шығару туралы ұсыныстар келіп түсіп жатқаны рас.
Қазіргі уақытта ҚР БҒМ Ұлттық білім академиясы аталған міндетті пәнді мектептерде келесі оқу жылынан бастап факультативтік санатқа ауыстыру бойынша жоба енгізді.
Яғни, қыркүйектен бастап «Өзін-өзі тану» пәнін бұрынғыдай 1-11 сыныптар емес, тек бір сыныпта ғана оқушылардың таңдауы бойынша оқыту жоспарланып жатыр.
«Пәнді факультативтік тізбеге ауыстыру бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын жаңарту және білім алушылардың оқу жүктемесін азайту жөніндегі шаралар шеңберінде жүргізілетін болады», - делінген министрліктің хабарламасында.