Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Мектептегі информатика пәнінен 5 - 11 сыныптарда қосымша сабақтарды жүргізудің бағдарламасы
Мектептегі информатика пәнінен 5 - 11 сыныптарда қосымша сабақтарды жүргізудің бағдарламасы

ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
«Информатика» қоршаған ортаны талдаудың жүйелік - ақпараттық тәсілін қалыптастыратын, ақпараттық процестерді, ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану әдістері мен құралдарын үйрететін ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты адамның практикалық іс - әрекеті аумағын тұрақты түрде дамытып және оны үнемі жетілдіріп отыратын білімнің іргелі ғылыми салаларының бірі болып табылады.
Қазiргi кездегi орта бiлiм беру жүйесiндегi информатиканың рөлiнiң артуы елiмiздiң информатика мұғалiмдерiне үлкен мiндет қойып отыр. Бұл пән арқылы оқушылар ақпараттық мәдениеттiң негiзi болып саналатын коммуникация мен түсiнiктердiң, ойлаудың математикалық негiздерiн меңгередi. Пәннiң мазмұны тек жалпы дамушылық мiндеттердi ғана қанағаттандырып қана қоймай, сонымен бiрге ақпарат туралы ұғымдарды қамтиды.
1 - 11 сыныптарға арналған информатика пәнiн оқытудың оқу бағдарламасы бастапқы жалпы бiлiм беру мектептерiне арналған.
Курстың басты мақсаты - ақпараттық әлем туралы түсiнiктi қалыптастыру, компьютердi қызметтiк құрал ретiнде сарамандық меңгеру, есеп шығаруда алгоритмдік ықпалды дамыту.

Информатиканы оқыту мазмұны оқушылардың осы пән бойынша білімдерінің қажетті деңгейінің жетуіне бағытталуы тиіс, сонымен қатар ақпараттық технологиялардың нақты құралдарына сәйкес инвариантты болуы керек.

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
Шилісу орталау мектебінің информатика пәні мұғалімі
Симтикбаева Алмагуль Ташмамбетқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама