Мельбрун қаласы туралы қызықты деректер
- Мельбурн – Порт-Филлип шығанағы айналасында орналасқан, Виктория штатының астанасы және Австралиядағы жер көлемі бойынша екінші қала.
- Австралияның сауда, өнеркәсіптік және мәдени орталықтарының бірі болып саналады. Сонымен қатар Мельбурнді елдің «спорттық және мәдени астанасы» деп жиі атайды, өйткені онда Австралияның көптеген спорттық және мәдени шаралар өтіп тұрады.
- Мельбурн 1835 жылы Ярра өзенінің бойында ауылшаруашылық қоныс ретінде еркін қоныстанушылармен қаланған.
- Көлемі: 8806 шаршы шақырым
- Халқы: 4 529 500 адам
- Ресми тілі: австралиялық ағылшын тілі
- Валютасы: австралиялық доллар
Федерация алаңы
Федерация алаңы – Мельбурн тұрғындарының кездесуге арналған сүйікті жерлерінің бірі, әрі қала орталығында мәдени және қоғамдық іс-шараларды өткізуге арналған алаң. Бұл бір жағынан Ярра өзенімен, қалған үш жағынан Флиндерс-стрит, Свенсон-стрит және Рассел-стрит көшелерімен шектеулі, ауданы 40 мың шаршы метрге жуық нағыз толыққанды квартал. Алаңның периметрінде түрлі галереялар, театрлар, мұражайлар, кафелер және мейрамханалар орналасқан. Осылардың барлығының орталығында – қоғамдық жиналысқа арналған екі басты орын бар: біріншісі – Атриум – шаңырақ астында, екінші – ашық аспанда орналасқан. Амфитеатрға 35 мың адам сыяды. Бір қызығы, жақын орналасқан Флиндерс-стрит Стэйшн вокзалына келетін поездар алаңның астында орналасқан темір жолдар арқылы өтеді. Алаңнан Ярра өзенінің оңтүстік жағалауына және онда орналасқан саябақтарына керемет көрініс ашылады.
Бүгінде Федерация алаңы орналасқан жер әрқашан Мельбурн тарихында маңызды рөл атқарғанын айтып өту керек: әр түрлі уақытта онда депо, Принцесс-Бридж станциясы, мешіт орналасқан болатын. Тек 1997 жылы бұл кең байтақ аумақта қайта жөндеу жұмыстарын өткізу туралы қабылданған шешімінің нәтижесінде әрдайым қала тұрғындары мен туристерді тартатын қазіргі ғимараттар кешені мен қоғамдық орындар пайда болды. Алаңдағы барлық ғимараттардың пішіні теріс – жобалаушылар оларды «сынықтар» деп атады және бұл атау сіңісіп, әлі күнге дейін пайдаланылады. Федерация аланының ресми ашылуы 2002 жылы өтті. Әр жыл сайын мұнда 8 млн-нан астам адам келетін әртүрлі мыңдаған шаралар өтеді! Бұл танымалдық жағынан Виктория штатының екінші туристік тартуы.
Виктория мемлекеттік кітапханасы
Виктория мемлекеттік кітапханасы – 1,5 миллионнан астам кітаптар мен 16 мың мерзімді басылымдарды сыйдыра алатын Виктория штатындағы ең ірі кітапхана! Мельбурн қаласында орналасқан ғимараттың қала орталығына жақын тұтас кварталды алатыны таңқаларлық дүние емес. Кітапхананың басты қазыналарының арасында – капитан Джеймс Куктың күнделіктері бар.
Мельбурн құрылғаннан кейін, небәрі екі онжылдықта, ол кітапхананы салу туралы шешім қабылданды – оны әсіресе, сол кездегі Виктория штатының лейтенант-губернаторы Чарльз Ла Троб талап етті. Сәулетші болып, кейінірек Корольдің Көрме Орталығын және Мельбурн Орталық залын салған, белгілі Джозеф Рид таңдалды.
1854 жылы, 3 шілде күні болашақ кітапхананың іргетасының алғашқы тас қаланды. Құрылыс 2 жылға созылып, 1856 жылы кітапхана ашылып қойды. Алғашқы кітап жинағы 3800 томнан құралды, бірақ 1861 жылға қарай ол 22 мың кітаптарға дейін кеңейді. Бір ғимаратта кітапханамен бірге Ұлттық Виктория галереясы мен Мельбурн мұражайы орналасты. Галерея 1960 жылдары ғана, ал мұражай 1990 жылдары ғана жеке ғимаратқа көшті.
Кітапхананың негізгі кіреберісінің жанында тұтас мүсіндер мен ескерткіштер қатары бар шағын саябақ орналасқан, оның ішінде 1907 жылы орнатылған айдаһарды өлтіріп жатқан Георгий мүсіні және Жанна Д’Арк мүсіні бар. Бүгінде, бұл шағын саябақ жақын арада орналасқан Технологиялық Университеттің студенттері үшін сүйікті демалыс орнына айналды.
Кітапхана ғимараты классицизм стильінде салынған. 1913 жылы ашылған оның күмбез оқу залы 500 оқырманды сыйдыра алады. Сегіз бұрышты холлдың диаметрі – 34,75 метр. Ашылу сәтінде ол әлемдегі ең ірі оқу залы болды.
1990 жылдан 2004 жылға дейін кітапхана ғимаратында штаттың үкіметтік басқаруына 200 миллион австралиялық долларға түскен түрлі реставрациялық жұмыстар өткізілді. Бұл жерде уақытша көрмелердің өтуіне арналған бірқатар көрме алаңдарын салудың арқасында кітапхананы қазір әлемдегі ең ірі көрме павильондарының бірі деп санауға болады.
Мельбурн аквариумы
Мельбурн аквариумы қаланың орталығында, Ярра өзенінің жағасында орналасқан. Ғимараттың құрылысы өзенінің жағалауындағы келген кеме түрінде жасалған. 2000 жылы ашылған бұл аквариум бүгінде әлемдегі ең үздіктердің қатарында. Мұнда Оңтүстік теңіздер мен бүкіл антарктикалық аймақтың мекендеушілерінің ауқымды коллекциясы жиналған, сонымен бірге мұнда суасты әлемінің үлкен кедергі Рифының көрмелері тұрақты түрде өтуде.
Аквариумда Жаңа Зеландиядан әкелінген корольдік және субантарктикалық пингвиндерді, балық және теңіз сүтқоректілерінің түрлерін, терең үңгірлерде тұратын шаян және тарантулаларды көруге болады. Экспозицияға табиғи жағдай жасау үшін қар мен мұзды ұстайды. Сонымен қатар, «Оңтүстік мұхит» көрмесі маржан атоллдың өмірімен, мангролық ағаштармен, сағалық өзеннің флора мен фаунасымен және жер асты үңгірлер тұрғындарымен таныстырады.
Сөзсіз, аквариумның негізгі тұрғындарының бірі – үлкен сұр медбике-акулалар мен сыйымдылығы 2,2 миллион литр болатын әлемдегі алғашқы дөңгелек аквариумда тұратын сирек жалпақбасты акулалар. Ол көрермендердің өздері айналасында жүзіп жүрген теңіз тұрғындарының бақылау объектісі болу жолымен жобаланған.
Мельбурн аквариумы қоршаған ортаны қорғау бағдарламаларына, мысалы, Виктория штатының суларында мүлде жоғалған, медбике-акулалардың санын көбейту бағдарламаларына, және алып теңіз тасбақалардың популяциясын қалпына келтіру бағдарламаларына қатысады. Соңғыларды аквариумде өсіреді, содан кейін Квинсленд штатындағы жылы суларға босатады.