Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Мен және табиғат. Ғ дыбысы мен әрпі
1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мен және табиғат. Ғ дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1. 7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1. 8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1. 9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік: Ғ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
/Б. Бөрiбаев/
– Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың ортасы
№1 Оқылым.
№2 Артығын тап.
№3 Жаңылтпашты оқы.
Торғай торғайды ұнатады,
Тоғай торғайды ұнатады.
Жаңылтпашты жатқа айт.

Сергіту сәті
Тереңдет ойыңды,
Тiк ұста бойыңды.
Құстарға ұсайық,
Қалықтап ұшайық.
Шық алға оң қанат,
Шық алға сол қанат,
Шаршаған кездерде
Қонайық жорғалап.
/Б. Бөрiбаев/

Қызықты тапсырма
Аяқталуы
№4 Сурет бойынша әңгімеле.
Бір - бірлеріңе сұрақтар қойыңдар, дұрыс жауап беруге тырысыңдар. Бір - біріміздің ойымызды құрметтеп көрейік.

Сабақтың соңы
Рефлексия

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Оқушылар өздері жасаған бет - бейнелеріне қарап бір - біріне көңіл - күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама