Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 12 сағат бұрын)
“Мен қазақпын” поэмасы

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген, - деп, Жұбан Молдағалиев атамыз жырлап бастағандай, бұл поэманың мағынасын ашуға біраз талпындым. “Мен қазақпын” деп, аты айтылып тұрғандай, бұл жыр қазақ халқына арналған. Біздің қазақ халқы қандай жағдай болса да, ешқашан екі ортада қалдырмаған. Әрқашан намыс үшін, жер үшін, көк туымызды сақтау үшін “Мен қазақпын” деп соңына дейін күрескен. 

Жұбан Молдағалиев жырлап өткен: “Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.” демекші, бұл жыр-шумағында ақын өзінің елі үшін намысын көрсетіп, айқын дәлелмен көрсетіп тұр. 

Біздің ел ана тілін қастерлеген, өзінің бойына мақтанышпен меңгерген халық. Сайрай қалса, тілдерінен бал тамған, балта жүздері қас батырмен қайрасқан бұл да біздің қазақ халқымыз. 

Біздің қазақ елі рулардан құралған. Десе де ешкім руға бөлініп, бір-бірін жер қылмаған. Ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрлеріміз еш ұмытылмай, әлі күнге шейін қастерлеп келеді. Осы күнге жетуіміздің өзі ата-бабаларымыздың арқасы деп білемін. Себебі, олар келешек ұрпақ үшін, жерімізді қорғау үшін соғыстан да қашпаған. 

Шыңғыс хан және одан жалғасқан ұрпақтары да осы күнге дейін еліміз үшін күресіп келеді. Жалғыз жерді басып кіргендері үшін ғана емес, ана тілімізді қор қылғандарға сес көрсетіп, тіліміз үшін де соғысатын. Міне, осы күннен бүгінгі күнге дейін қазақты ешкім қор қылмай, сыйласып келеді. 

Біздің ел Тәуелсіздік алған күннен бастап қай ел болмасын, сыйластықпен қараймыз. Олар да біздің елімізді, жерімізді және де сөйлеп жатқан ана тілімізді сыйлап, құрметтеп келеді.

Қорытындылай келсек, Жұбан Молдағалиевтің “Мен қазақпын” атты жырын ешкім оқымады емес, ешкім тыңдамады емес, бүгінгі күнімізге дейін бәрі оқып, тыңдап келеді. Тіпті, қазіргі ер-азаматтарымыз осы жырды мәнерлеп, көптеген желілерде оқып, жырлап жатады. Егер де, бұл жыр болмаса, қазіргі саналы ұрпақ қандай болар екен, тіпті, елестете алмаймын. Жұбан Молдағалиев атамыздың арқасында қазақ даласы, қазақ халқының қандай екенінен көзімізді аштық. Тіпті, көк туымыздың қасиеті жайында, қазақ халқымыздың намысы жайында нақтылап түсірген. Көп білмейтін сыр, құпияларымыз осы жырда нық жазылған деп ойлаймын. 

Бұл жырды естімеген адам жоқ. Келешек ұрпаққа бұл үлгі болып өтер, әлі де ұмытылмай есте қалады деп сенемін.

Амангалиева Дильназ Орынгалиевна 1 курс студенті


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама