Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 56 минут бұрын)
«Мен үйдемін!» – қазақ қыздарын қорлаған шетелдік стример кешірім сұрады

Алматыда қазақ қыздарын қорлағаны үшін ұсталған шетелдік стример Анар Абдуллаев үйіне оралып, қазақстандықтардан кешірім сұрады. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Абдуллаев өзінің Telegram арнасында жариялаған екі минуттық Lego стиліндегі анимациялық ролигінде Қазақстанда болған жағдайды бейнелеп, «I'm sorry» («Кешіріңіз») деген жазумен аяқтайды.

«Қазақ халқының алдында тағы да кешірім сұраймын, осылай болғаны үшін өкінемін, ешкімді ренжітуді ойлаған жоқпын, әсіресе қыздарды. Мен дос адаммын, көрсеткен үлкен қолдауларыңызға рақмет! Мен үйдемін! Мен оралдым!» деп жазды ол.

Оқиғаның мән-жайы

Ақпан айының басында Қазақстанда шетелдік стримерлерге қатысты дау шықты. Тікелей эфир кезінде олар қазақстандық қыздар туралы қорлайтындай пікірлер айтып, бұл үзінділер әлеуметтік желілерде тез тарап кетті.

Желіде наразылық толқынынан кейін блогерлермен жергілікті тұрғындар кездесіп, көпшілік алдында кешірім сұрауды талап етті. Кейін бұл іске құқық қорғау органдары араласты.

Алматы полициясы тексеру жүргізді. Сот шетелдіктерді ұсақ бұзақылық үшін 15 тәулікке қамады.

Басқа стримерлердің реакциясы

Бұл дау стримерлер қауымдастығында да белсенді талқыланды. Кейбір блогерлер соттың шешімін қолдаса, енді бірі мұны қылмыс деп санамайтынын айтты. Оқиғаға қатысушылардың бірі өзіне бағытталған қудалау мен қорқытуды тоқтатуды сұрады.

Жаңалықтар

Жарнама