- 08 жел. 2017 00:00
- 270
Менің мамандағым
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Экономика және құқық факультеті
«Құқықтану» мамандығының 101-топ студенті Смагулова Раушан Аблаевна
Жетекші: Мұрсалова Ләззат Аманғалиқызы
«Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» – деп Ұлы Абай атамыз айтқандай, әрбір тұлға өзі үшін де жұмбақ. Қазіргі менің ұстанымым «әр адам – өз өмірінің суретшісі». Жастайымнан мінезім басқалардан ерекшеленетін, егер қаласам кез келген адамдармен тез тіл табысамын, бауырмалмын бірақ айтқанымнан қайтпайтын, 100 жерден дұрыс болмайтын өз шындығымды дұрыс қылдырып дәлелдейтін, қыңыр, өз тарапыма әділетсіздік болған жағдайда қарап қалмайтын адаммын. Мүмкін кейде өмірде бұл «бірақ» деген қасиеттерім өзіме кемшілік те шығар, алайда мамандығым үшін керек қасиеттердің бірі деп ойлаймын. Мен Смагулова Раушан – болашақ заңгермін. Өз мамандығымды шынымен де сүйемін. Мүмкін отбасымның барлығы заңгер болып, жетістіктерге жеткеннен кейін маған тиісті үлгі бола алғаннан шығар деп ойлаймын. «Заңгер боламын!» деген болашақта осы салада қызмет етемін деген сөз, яғни терең мұхит беті. Өзім үшін мансабымның шыңы деп әзірге «ҚР Ювеналды сотының» судьясы болуды қойдым. Арманым да мақсатым да осы. Заңның қай өкілеттілігінде жемқорлық мүмкіндігі болса да, балалардың өмірі, тағдыры шешілетін жерде еш уақытта жемқорлық орын алмауы тиіс. Әр азамат өзін, өзінің құқығын қорғай алатын болса, балалар әлі бұндай қасиетке ие емес, бар жауапкершілікті түсініп жұмыс жасаған жөн. Әрине бұл лауазымға жету үшін, мен барлық жұмыстың ащы тәттісін білуім керек. Сондықтан мен өз мамандығымның қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, жақсы заңгер болу үшін барлық күш – жігерімді салуға дайынмын.