Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Менің Отаным - Қазақстан
АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік — оқушыларды Отан туралы түсініктерін кеңейту; Мемлекеттік рәміздермен, Елбасы, Астана қаласымен таныстыру;
Түзету - дамытушылық — оқушылардың сөздік қорын молайту, сауатты оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын түзете отырып дамыту;
Тәрбиелік — оқушының еліне деген сүйіспеншілік, құрметтеу сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, диалог оқу, мәнерлеп оқу, кластер құру
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, тарих
Сабақтың көрнекілігі: ҚР - ның мемлекеттік рәміздері, Астана көріністері, интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар, кластер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) сәлемдесу – Сәлем, маған, Сәлем, саған, Сәлем - сәлем бүкіл әлем!
Ә) тілдесу және сабаққа даярлықтарын тексеру.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні? Қазір қай мезгіл?
- Күз айларын кім атайды?
- Ауа райы қандай? Жерде не жатыр?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сөздерді қайталау.
-«Жеті ұл» тақпағын тақтаға шығарып бүкіл сыныпты қатыстыру.
- өткен сабақта танысқан сөздерді қайталап шығу. Тақтаға шығарып орындату.
Уақыт - время
Таңертең - утро
Күн тәртібі - режим дня
Ояндым - проснулся
Жуындым - умылся
Киіндім - оделся
Тамақтандым - покушал

III. Жаңа сабақ.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады? - Қазақстан.
Қазақстан – дегенде ойларыңа қандай сөздер түседі? Кластер құру.
ҚАЗАҚСТАН

ГИМН
ТІЛ
ЕЛТАҢБА
ТУ
ОТАН
ХАЛЫҚ
ПРЕЗИДЕНТ
ТӘУЕЛСІЗ
АСТАНА
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады, тақтаға ілінеді)
Кіріспе бөлімі:
— Қазақстан бәріміздің Отанымыз. Өйткені әр адамның өзінің туып - өскен жері болады. Сондықтан әрбір адам өз Отанын, туған жерін, ата - мекенін қорғауы тиіс.
Мінеки, балалар, өздерің байқап отырғандай, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан — біздің Отанымыз» деп аталады. Осы сабақта сөздік қорымызды байытып, өз туған жеріміз туралы мағлұматтар алып, ойымызды еркін жеткізіп, ауызша сөйлеуге үйренеміз.
- алдымен жаңа сөздермен танысып өтейік.

«Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар
жетім балалар мен ата - анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған
№2 Қостанай арнайы мектеп - интернаты» КММ
Өткізген: қазақ тілі мұғалімі Жусупова Гүлнар Даурханқызы

Менің Отаным - Қазақстан. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама