- 05 нау. 2024 03:43
- 194
Менің отбасым
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті
Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Қоршаған орта
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаттары:
1. Білімділік мақсаты: Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету.
2. Дамытушылық мақсаты: Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: отбасы суреттері, слайд, шаңырақ.
Әдіс - тәсілдер: әңгімелеу, жұмбақ, тақпақ айту, ойын, сұрақ жауап, сергіту сәті, шаттық шеңбер, мадақтау, қорытындылау.
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбер
Көтеріліп шаңырақ
Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз болып көрінер
- Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық?
- Ал, киіз үйде кім тұрады?
- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
Ұйымдастыру іздестіру
Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз.
Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?
- Иә, балалар, барлық үйдің отбасы болады олар бір бірімен тату тәтті тұрады.
- Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік.
Жұмбақ
Онсыз қызық жоқ маған, онсыз бақыт жоқ маған
Ол әр баланың панасы, ол не екен, балалар?
- Міне балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен.
Олай болса бәріміз тақтаға слайдқа назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?
- Иә бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.
Топқа есік қағылып әже кіреді. Балалармен амандасып, осы топта отбасы туралы сабақ болатынын естіп кепті.
Балалардың тақпақтары
Олжас
Ата үлкен кәріміз
Қуат берер дәріміз
Әулиедей аялап
Ардақтаймыз бәріміз.
Айзере
Мейірімді апалар
Балалар кеп бата алар
Қалтасына кәмпит сап
Немереге апарар
Менің отбасым. жүктеу
Отбасы туралы қанатты сөздер қарау
Отбасы туралы мақал - мәтелдер