- 13 қаң. 2020 00:00
- 234
Менің шапаным үшін келген шу екен
Бір күні түнде Қожаның құлағына даурыққан айқай-шу естіледі. Қожа әйелін оятып: «Ой, қатын, тұр! Шырақты жақ, көшеде не шу болып жатқанын біліп келейін», — дейді. Шырт ұйқыда жатқан әйелі тұруға ерініп: «Тыныш жата беріңізші, көшедегі шуда не жұмысыңыз бар?» — деп жата береді. Қожанасыр орнынан тұрып, шапанын жадағай иығына жамыла салып, көшеге шығады. Көшеге шыққан замат өзі қашып келе жатқан ұрылардың біреуі Қожаның иығындағы шапанын ала қашады. Қожекең дереу үйіне қайтып кіріп, есігін жаба қояды.
Ояу жатқан әйелі көрпеден басын шығарып:
— Не үшін шыққан шу екен? — дейді.
— Менің шапаным үшін келген шу екен. Шыққан заматта шапанды алып тына қалғанын байқамайсың ба? — дейді.