Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Менің тұңғыш президентім

№103 жалпы орта мектебінің

2 «а» сынып оқушысы

Жандарбек Бақберген

Сынып жетекшісі: Сихова Жұмакул

Менің тұңғыш президентім.

Менің тұңғыш президентім - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Нұрсұлтан ата 1940 жылы 6-шілдеде Алматы қаласы Қарасай ауданы Шымтезек ауылында дүниеге келген. Нұрсұлтан ата қазірде біздің президентіміз. Ол жетпіс бес жаста. Нұрсұлтан ата әжесінің тұңғыш немересі болған. Әжесі оны Сұлтан деп атаған. Әжесі қайтыс болғанда ол небәрі бес жаста болатын. Әкесі соғысқа баратын жылы қойына қасқыр шауып, өрт болған. Содан жарақаттанып соғысқа бара алмай қалған. Анасы Әлжан өте қарапайым, кішіпейіл адам болған. Нұрсұлтан ата мектепте озат оқушы болған. Кішкентайынан бірнеше тілді жақсы меңгерген және еркін сөйлей алған. Оның арманы ұшқыш болу еді. Бірақ ол отбасылық жағдайына байланысты металлургия саласында алғашқы жұмысын бастаған. Қазірде ол Сара Алпысқызы Назарбаевамен бақытты ғұмыр сүріп, үш қыз тәрбиеледі. Олар: Дариға, Динара, Әлия. Сара Алпысқызы Назарбаева өзін-өзі тану пәнін мектеп бағдарламасына енгізген. Біз бұл пәнді сүйіп оқимыз. Өйткені ол бізге көптеген жақсы қасиеттерді үйренуге көмектеседі. Қазір біздің еліміз елбасымыздың бастамасымен өркендеп, өсіп келе жатыр. Астана қаласын салып, елімізді бүкіл әлемге танытты. 1-желтоқсан - тұңғыш президент күні.

Бір Отан!

Бір тағдыр!

Бір елбасы!

Елбасымыз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан өркендеп, жайнай берсін! Әрқашанда бейбітшілік, бірлік болсын!

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама