- 22 сәу. 2022 00:00
- 289
Менің университетім ең үздік университет
Мен ҰБТ-дан 117 балл ала отырып,Әль Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің механика-математика кафедрасының математикалық компьютерлік моделдеу мамандығының студенті ретінде менің университетімді айта өткім келеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру жүйесінің жетекші мекемесі-өзінің 88 жылдық мерейтойын атап өтуде. Бай дәстүрлер, оқу және ғылыми жұмыстағы көп жылдық тәжірибе, жоғары кәсіби педагогикалық құрам — осының бәрі университетке ондаған жылдар бойы түрлі салаларда үздік мамандар даярлауға мүмкіндік береді.
Жоғары оқу орнында екі мыңнан астам профессор, ғылым докторлары, кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам ірі академиялардың академиктері, 30-ға жуық Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері жұмыс істейді. Мұнда жоғары кәсіптік білім берудің көпдеңгейлі жүйесі бойынша 25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар білім алуда. Университет әлемнің жүздеген ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын іске асыру, студенттер алмасу және тағылымдамалар өткізу бойынша ынтымақтастық жасайды.
Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ — Қазақстан жоғары оқу орындарының бас рейтингінің көшбасшысы, ел тарихында тұңғыш рет "сапа саласындағы жетістіктері үшін" Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, Өнім және қызмет көрсету сапасы саласындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының дипломанты. Университет Халықаралық университеттер қауымдастығының мүшесі және Еуразиялық университеттер қауымдастығының тең құрылтайшысы бола отырып, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары арасында бірінші болып Болонья қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды, сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) ИСО 9000:2000 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне Халықаралық сертификаттаудан сәтті өтті және ірі әлемдік сертификаттау орталықтарының куәліктерін алды.
Айта кетейік, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — республикадағы бірінші жоғары оқу орны, ол мемлекеттік аттестаттаудан өтіп, барлық мамандықтар мен деңгейлер бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын растады.
Автор: Т.С.Нұртасұлы, ҚазҰУ -механика-математика кафедрасының 1-курс бокалаврианты. Жетекші: аға оқытушы Уразгалиева Светлана Аманжоловна.
.