Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мейірім

«Мейірім» дегенде  менің ойыма адамдардың бір-біріне деген жақсы қарым- қатынасы, жылы қараған жүздері, әдемі, мейірімге тола айтқан сөздері, бір –біріне деген жаны ашуы, көмектесуі оралады.

Бұл дүниеде адамдар бір- біріне мейіріммен қарап, сыйласып жүрсе, ешқандайда қасірет, жамандық болмас еді.Қазіргі таңда адамдардың бойында мейірімділік деген қасиет азайып бара  жатыр. Соның салдарынан көкек аналар мен  жігеріз  әкелер бейкүнә сәбилерін  мүлік сияқты тастап кетуде, ал көптеген имансыз жастарымыз өзін бағып-қаққан әке- шешесін қарттар үйіне өткізуде. Мұның бәрі имансыздықтан. Жүрегі иманға толы адам- мейірімді адам. Оның қолынан  жамандық істеу келмейді. Бірақ мен барлығына бірдей топырақ тшашпаймын.

Мысал ретінде, өзімнің отбасымды алсам. Отбасымда адамдар мейірімді, бір- біріне көмектесіп жүреді, ауызбіршілікте. Атам бізге әрқашанда айтып отырады: «Бір- бірлеріңе мейірімді болыңдар, ұрыспаңдар да керіспеңдер. Ауызбіршілікте болсаңдар, жақсы азамат боласыңдар!»,-дейтін. Алла жүрегімізді, ойымызды иманға толтырсын.  Адамдар көбіне бір- бірлерінен мейірімін аяп қалып жатады. Адамдар әрқашанда бір-бірінен жақсы сөздерін аямай, бір-біріне жылы жүзбен қарап, жақсы сыйластықта болса, бәрі де тамаша, бәрі керемет!!!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама