Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 11 сәу. 2026 05:00
- 30
Мөлдір Мұқан: Тұрсынбек Қабатовпен 1,5 жылдан кейін алғаш рет кездестім, қыздарымның сыйлығын ол жіберді
Танымал әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқан бұрынғы жұбайы Тұрсынбек Қабатов жайлы алғаш рет ашық пікір білдірді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тұңғыш қызын әуежайда күтіп алғандағы кездесу
Сұхбат барысында өнер иесі тұңғыш қызы Әдемін экс-жолдасымен бірге күтіп алғанын айтты. Бұл олардың 1,5 жылдан бергі алғашқы кездесуі болған.
«Қызым Әдеміні әуежайдан күтіп алғанда Тұрсынбекті 1 жарым жылдан кейін бірінші рет көрдім. Амандастық. Сәлеміміз түзу болды», – деді Мөлдір Мұқан.
501 раушан гүлінің сыры
Әнші сонымен қатар, қыздары сыйлаған 501 ақ раушан гүлдің Тұрсынбек тарапынан жіберілгенін де жасырмады. «Әкелері беріп жіберуі керек. Қыздардан сұрасам айтпай қойды», – деп қосты ол.
Желі қолданушыларының пікірі
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, қолданушылар арасында түрлі пікір тудырды. Көпшілік әншіге қолдау білдіріп, жылы лебіздерін арнады. Кейбірі оған лайықты жан жолықсын десе, енді бірі өткенге қайта оралмауға кеңес берді.
«Тұрсын сияқты мықты біреу жолықсын», «Құрсыншы ары! Одан да жақсы жігіт тауып ал!», «Алла қаласа бәрі жақсы болады», «Қадіріңді білмегенге қарауға да тұрмайды», – деп жазды оқырмандар.