- 21 жел. 2019 00:00
- 189
Молқоңыр және Майдақоңыр
Бұл екі күй ежелден елге таныс, Қайрақбайдың күйі. Дене салмағына байланысты Қайрақбайды төрт-бес ат ғана көтере алады екен. Соның бірі — жал-құйрығы мол, денесі соған лайық қоңыр аты болған екен. Бұл қоңыр ат өрге келсе, қайыспайтын, еңіске келсе, қолтауламайтын ат екен.
Тағы бірі — Майдақоңыр деген аты болыпты. Ол жүргенде шыныға құйған су шайқалмайтын майда жүрісті ат екен. Бұл күйлерді Заманбек топ ортасында көп шертіп, содан ел ішіне кең таралған.