Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мұсылмандардың медицинадағы үлестері

Еуропалықтардың Разес деп білетін мұсылмандық медицина ғалымы Әбу Бәрік ӘрРази (864-925) Рей қаласында туылып, Бағдатта білім алған. Дәрі-дәрмек пен химия саласында еңбек етті. Медицина саласына қатысты жүзден астам еңбегі бар. Көзге ота жасау бойынша жетік маман еді. Пайғамбарымыздың қыз немересі Сукәйнаға катаракт отасын жасаған.

Айнада жарықтың шағылысу заңдылығын тапқан және Еуропалықтардың Альхазем деп білетін Ибн Хәйсем (965-1039) Басрада туылып, Мысырда қайтыс болған. Математика, физика және медицинаға қатысты жүзге жуық кітабы бар. Бұлардың көпшілігі Еуропа тілдеріне аударылған.

Батыстықтардың Авицена деп білетін Ибн Синаның (980-1037) Әл-Канун атты еңбегі ғасырлар бойы Еуропалықтар тарапынан дәрс кітабы ретінде оқылған.

1066 жылы қайтыс болған Амр бин Абдуррахман ӘлКирмани Әндулус ауруханаларында ота жасаған.

Шамда өмір сүрген Ибнун-Нәфси (1210-1288) дін ілімдерінде және медицинада ғұлама еді. Медицина саласында жазған кітаптары құнды деректерден тұрады. Өкпенің қан айналымы схемасын қағазға түсірген осы кісі.

Француз тарихшысы Гюстав Лебон «Араб ауруханалары бүгінгі ауруханалардан да мықты мүмкіндіктерге ие еді. Су және ауа барлық жағынан қолжетімді еді» деген.

Жалпы орта ғасырда медицина саласындағы ғалымдар тек мұсылмандар болатын. Еуропалықтар медицина үйрену үшін Әндалусияға келетін. Испания каролі VI Альфонсоның Толедода ашқан аударма орталығы араб ғалымдарының көптеген еңбектерін Латыншаға және Еуропа тілдеріне аударылуын қамтамасыз етті. Мұсылмандардан медицина осылай Еуропаға таралды.      

Оқуға кеңес береміз:

Мұсылман өнертапқыштары әлемге не сыйлады?


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама