Photo: Juan Pablo Serrano (https://www.pexels.com/@juanpphotoandvideo) / Pexels
- 21 ақп. 2026 06:00
- 15
«МузАРТ» тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің әрекеті желіде қызу талқыға түсті
Танымал «МузАРТ» тобының мүшесі, әнші Сәкен Майғазиевтің Instagram желісіндегі соңғы жазбасы жұртшылықтың қызу талқысына айналды. Әнші Рамазан айында құран бағыштап, зиярат жасап отырған сәтінен видео жариялап, көпшіліктің сынына ілікті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желідегі пікірлер
Әнші жазбасында: «Я, РАББЫМ! Бағыштаған ҚҰРАН, жасаған зияратымызды қабыл ете гөр. Қасиетті РАМАЗАН айы құтты болсын, ҚАЗАҚ елі!» деп жазған. Алайда, бұл әрекеті көпшіліктің көңілінен шықпады. Желі қолданушылары мұны «ерсі көрініс» деп атап, түсірілімнің қажетсіздігін алға тартты.
«Осыны түсіріп жүрген адам қол жаймай ма?», «Видео түсіргенше құранға қатыспайсың ба?», «Қабыл болсын. Түсірудің еш қажеті жоқ», «Мынау не еркектер отырып алған, қыз-келіншектер тізе бүгіп отыр», «Міндетті түрде түсіру керек пе?» деген сияқты пікірлер жазылды.
Кейбір пікірлерде әншінің әрекеті діни рәсімдерді көрсетудегі жауапкершіліктің жоқтығын білдіреді деген ой айтылған. Дегенмен, бұл жағдайға қатысты әншінің өзінен әзірге ресми жауап берілмеді.