Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Намаз және денсаулық

Намаз оқу — Аллаһқа құлшылық етудің ең жақсы жолы екенін әрі Құраннан, әрі пайғамбарлар арқылы білеміз. Мұсылман намазды Аллаһу та’аланың әмiрi болғандықтан оқиды. Раббымыздың әмiрлерiнде көптеген хикмет, пайда бар. Тыйым салынған нәрселердiң адам баласына көптеген зияны бар екендiгi ақиқат.

Мысырдың астанасы Каирдегі радияциялық технологияның ұлттық орталығында жасалған зерттеу нәтижесінде сәжде етудің адамды қатерлі ісіктен де сақтайтыны анықталды. Сондай-ақ жүкті әйелдерде құрсағындағы нәрестенің дұрыс жетілуін қамтамасыз ететіні, пішін ауытқуының алдын алатыны анықталды. Бөлім бастығы биология профессоры Мұхаммед Зияеддин Хамид қазіргі таңда адамдардың жан жақты электромагниттік толқындарға тап болып жатқандығын айтты және сол себепті көбірек сәуле алатынын білдіріп, денеде жиналған бұл электр жүгінің міндетті түрде сыртқа шығарылуы керектігін білдірді. Баяндамасын қысқаша былай түйіндеді:

— Сәждеде жеті мүшенің жермен байланысы энергияны тұйықтайды.

— Сәжде — шаршағандыққа және кейбір ауруларға пайдасы бар.

— Сәждеде адамның бойы кішірейетіндіктен электромагниттік толқындарға шалдығу мөлшері азаяды.

— Электрдің дене денсаулықты түрде шығуы үшін сәждеде құбылаға қарауыда маңызды. Өйткені қағба жер жүзінің ортасы болып табылады.

— Бес уақыт парыз намазын оқу зиянды энергия қуатының шығуы үшін жеткілікті.

— Бесін, екінті, ақшам және құптан намаздары шаршағандықты және стрессті азайтып, адамды рахаттандырады. (Мұсылмандар бес уақыт намазды денсаулыққа пайдалы болғаны үшін емес, Аллаһтың әмірі болғаны үшін оқиды).


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама