- 01 жел. 2016 00:00
- 268
Назарбаев қазақстандық жас ІТ маманын Билл Гейтске теңеді
Республикалық жастар форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық жас инновация әзірлеушілерді таныстырды.
Мәселен, солардың бірі Сәбит Наукенов елордадағы «Gift Sensor» компаниясының негізін қалаған. Ол ағымдағы жылы Сингапурда өткен ең ірі азиялық ІТ-конференциясында жеңімпаз болған еді. Ал оған дейін Назарбаев университетіндегі стартап байқауында да жүлдегер атанған.
«Иә, біздің жобамыз Сингапурда өткен «Echelon Asia Summit 2016» конференциясының ірі байқауында үздік ондыққа ілінген еді. Біз әлеуметтік желіде, Интернетте кез келген ақпаратты сараптауға қабілетті жасанды ителлект әзірледік. Мәселен, біздің алгаритм адамды әлеуметтік желідегі профайлдары арқылы оның ең жақын досынан да жақсы таниды және оған нақты ұнайтын сыйлықты ұсынады. Шындығына келгенде бұл «вау»-технология», - деді Наукенов.
«Көрдіңіздер ме, Билл Гейтстен қай жері кем. Айтыңыздаршы. Еш қалыс қалып отырған жоқ. Міне, бізде осында талантты жастар, ұмтылыс пен ой-пікір бар», - деп атап өтті өз кезегінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.