Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Негіздер құрамы, жіктелуі, алынуы, қасиеттері, қолданылуы.
Сабақтың тақырыбы: Негіздер құрамы, жіктелуі, алынуы, қасиеттері, қолданылуы.
Сабақтың мақсаты:
• Оқушыларға бейорганикалық қосылыстардың жаңа класы негіздер, олардың құрамы, гидроксотоптың валенттілігі жөнінде түсінік беру;
• Ион заряды мен тотығу дәрежесі арасындағы айырмашылықты көрсету;
• Қасиеттерін оқыту, суға және индикаторларға әсерін көрсету, алыну жолдарын оқыту;
• Жіктелуі және аталуы;
• Индикаторлар және сапалық реакция жөнінде түсінік беру;
• Тұрмыста және халық шаруашылығында қолданылуы.
Міндеттері:
• Оқушыларға негіздердің құрамын және қасиетін анықтауға жағдай туғызу;
• Оқушылардың жалпы және пәнді еркін меңгеру дағдысын дамыту(анализдеу, салыстыру, қорытынды жасай білу, эксперименттік есептерді шешу);
• Еске сақтау, мағыналы ойлау қабілетін қалыптастыру мақсатында оқушылардың сабақта өз бетімен жұмыстану дағдысын қалыптастыру;
• Жеке тұлғаның коммуникативтік дағдысын дамыту;
• Ұжыммен, жұптасып жұмыс жасауға, өз мүмкіндіктерімен білімдерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс, зертханалық жұмыс
Оқушылардың іс - әрекеті: тақырыпты кесте, сызба түрінде өз бетімен іздеу, топтасып жұмыс жүргізу.
Сабақ көрнекілігі: Ерігіштік кестесі, Индикатор кестесі, демонстр. штатив, сынауықтар, сілті ерітіндісі, тұз үлгілері, лакмус қағазы.

Сабақтың барысы
«Түсіну үшін бақылай білу керек»
I. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеруге арналған сәйкестік тест тапсырмалары.
а) Төмендегі сұрақтарға сәйкес келетін жауаптарын табыңдар.
1. Оксидтер дегеніміз не?- 3. Сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.
2. Тұздар дегеніміз не?- 1. Екі элементтен тұрып оның біреуі міндетті түрде оттегі болып келетін күрделі заттар.
3. Қышқылдар дегеніміз не?- 2. Металл атомдарымен және қышқыл қалдықтарынан құралған күрделі заттар.
б) Формулалар бойынша қосылыстардың кластарын айыру.
1. Оксидтердің химиялық формулалары?- 2. КОН, Са(ОН) 2, Cu(OH) 2,
2. Негіздердің химиялық формулалары?- 4. Н2SO4, HNO3, H2CO3,
3. Тұздардың химиялық формулалары?- 1. Al2O3, ZnO, CaO,
4. Қышқылдардың химиялық формулалары?- 3. MgSO4, Na2SО4, Ca(NO3) 2

II. Жаңа сабақты түсіну
Мұғалім (сабақтың тақырыбын айтып, мақсатын түсіндіреді): химия пәнін оқу барысында біздер бинарлы қосылыстармен, қышқылдармен таныстық. Бүгінгі сабақта біздер күрделі заттардың жаңа класы - негіздер туралы оқып танысамыз. Ол үшін тақтадағы жазылған заттардың формуласына назар аударыңыздар:
SO2, Cu(OH) 2, Na2O, NaCl, H2SO4, NaOH, CuS, Al2O3, HCl, Al(OH) 3, HNO3
Тапсырма (тақтада екі оқушы өз беттерімен жұмыс жасайды):
1 топ – берілген қосылыстардың ішінен бинарлы қосылыстарды теріп жазыңдар.
2 топ – бинарлы қосылыстардан басқа формулаларды екі бойға бөліңдер.
Сұрақ: Қандай белгілеріне қарап формулаларды екі топқа бөлдіңдер? Олардың арасындағы ұқсастық неде?

Атырау облысы, Индер ауданы,
Махамбет атындағы орта мектептің
химия пәнінің жоғары санатты мұғалімі
Шалекенова Зухра Қайыпқызы

Негіздер құрамы, жіктелуі, алынуы, қасиеттері, қолданылуы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама