Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Нүкте
Қазақ тілі 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Нүкте
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларға тыныс белгілері туралы түсінік беру, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, оқушы білімін есепке алу.
2. Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге деген қызығушылығын дамыту, ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, тіл байлығын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу, ұлттық салт - дәстүрді қадірлеуге баулу, өз елін, тілін сүюді үйрету.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, суреттер, таблицалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Негізгі қызметі
1. Хабарлы сөйлемнен кейін нүкте қойылады.
Мысалы: Ертең ел жайлауға көшеді.
Айтылар ой айқын, бірақ неден бастарын білмей дал.
Жай, лепсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемдерден кейін қойылады.
Мысалы: Ертең елге бет түзе.
Осыны көргім келіп тұр.

Қосымша қызметі

1. Адамның аты, тегінің бас әріптері шартты түрде қысқартылып алынғанда. Мысалы: М. О. Әуезов, С. Мұқанов.
2. Драмалық шығармаларда кейіпкер атынан кейін нүкте қойылады. Мысалы: Арман. Сенбісің?!
Қайдан жүрсің?
3. Тағысын тағылар, тағы басқалар деген сөздер қысқартылып алынғанда нүкте қойылады. Мысалы: М. О. Әуезов, Ә. Марғұлан,
Е. Мүсірепов, т. б. ойшылдарымыз осы тақырыпқа қалам тартты.
4. Жыл, ғасыр, сағат, минут
сөзі қысқартылып алынса нүкте қойылады. Мысалы: әл - Фараби (X г.), М. Қашқари (XI ғ.) сияқты ғұламалар мұралары - мақтанышымыз

Жаттығумен жұмыс: 106 - жаттығу.. Қойылмаған тыныс белгілерін қойыңдар.

Білімді бекіту: Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Бағалау: Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 107 - жаттығу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама