Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 40 минут бұрын)
Нұрлан Қоянбаевтың 90-жылдардағы дискотекадағы ескі видеосы желіні шулатты

Танымал қазақстандық продюсер әрі актер Нұрлан Қоянбаевтың 28 жыл бұрынғы архивтегі видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Актер Instagram парақшасында 1998 жылы Шиелі ауылында өткен дискотекада достарымен бірге көңіл көтеріп жүрген сәтінен үзінді жариялады. Видеода ол сол кездегі 90-жылдар стиліндегі кең шалбар мен оверсайз костюм киген.

«Нағыз 90-жылдар стилі»

Қоянбаев видеоны «1998 жыл. Шиелі. Дискотека! Қатты күлмейміз» деп сипаттаған. Желі қолданушылары архив кадрды жылы қабылдап, актердің жастық шағына қатысты пікірлерін қалдырды.

«Нұреке, жас кезіңізде сізге қатты ұқсайтындар көп еді», «Мен туған жылы сіз кәдімгідей билеп жүр екенсіз ғой», «Сағыз, оверсайз костюм, кең шалбар – нағыз 90-жылдардың стилі», «Осы кезде-ақ бай адамның түрін жасап жүрсіз ғой», «Билеуге ерініп тұрсыз ба?» – деп әзіл аралас пікірлер жаудырды олар.

Жаңалықтар

Жарнама