Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 46 минут бұрын)
Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі бар кілемшеге аяқ сүрту видеосы желіде қызу талқылау туғызды

Әлеуметтік желіде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бар кілемшеге аяқ сүрту туралы видео тарап, қоғамда қызу пікірталас тудырды. Кадрларда үйдің кіреберісіне төселген кілемшеге кішкентай қыздың аяғын сүртеп тұрғаны көрінеді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видео TikTok желісінде «Адам Смит» парақшасында жарияланған. Видеода әйел адам кіреберістегі кілемшені көрсетіп, «Мұндай кілемшеге шынымен аяқ сүртіп кіру керек пе?» деп таңданысын білдіреді.

Жазба желіде тез таралып, қолданушылар арасында әртүрлі пікірлер туындады. Кейбірі бұл әрекетті қолдап, мұндай символдық қадамды дұрыс деп бағалады. Алайда, басқа бір бөлігі адамның бейнесін аяқ астына төсеу дұрыс емес екенін айтып, мұндай әрекетке қарсы пікір білдірді. Олар қандай пікір айтылса да, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарихында елдің тұңғыш президенті ретінде қалатынын алға тартты.

Қысқа ғана видео қоғамда әртүрлі көзқарастың бар екенін тағы бір рет көрсетті.

Жаңалықтар

Жарнама