- 18 сәу. 2015 00:00
- 344
Нью-Йорктағы мейрамхана жуындыдан тамақтар ұсынады
Жақында Нью-Йоркта ашылған «wastED» мейрамханасы жергілікті халықты таң қалдырды. Мейрамхана бай келушілерге бағытталғанымен, тамақтары жуындыға тасталуы тиіс азық-түліктерден жасалады. Халықтың мейрамханаға деген көзқарастары әртүрлі. АҚШ-та қоқысқа тасталатын азық-түлік мөлшері үлкен, бұл мейрамхана мәселені шешудің экстремалды тәсілі сияқты.
«wastED»-те 15 долларға (бір порциясы) мына тамақтардың дәмін татуыңызға болады:
- әртүрлі сорттағы қалдық макарондарынан паста
- екінші сұрыптағы тәтті картоп кесінділері
- жеміс кесінділерінен салат
- кешегі ботқа
- тартар соусымен ет немесе балық кесінділері (көбінесе шеміршектері, жүзбеқанаттары және бастары)
- өкпе-бауыр,ішек-қарыннан тефтелдер.
Тәбетіңіз ашыла қоймаған шығар? Мейрамхана тәжрибе ретінде 3 апта жұмыс істеді. Осы аралықта 10 мың тамақ даярланған. Келушілер тамақ дәміне шаттанбасада, мейрамхана идеясы оларды қуантқан секілді.