Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Оғыз мемлекеті (9 ғасырдың соңы – 11 ғасырдың басы)
Оғыз мемлекеті (9 ғасырдың соңы – 11 ғасырдың басы)
Конспект
9 ғасырдың аяғы – 10 ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы – Янгикент қаласы (Жаңа Гузия). Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, оғыздар алғашында 24 тайпадан тұрған. Бұл – оғыздардың жаңадан әр түрлі тайпалардан қалыптаса бастаған кезі. Әл - Марвази оғыздардың 12 тайпасы ғана жайлы жазады. Бұл кезең оғыз тайпаларының бір - біріне қосылып, халықтық халықтық дәрежеге көтеріле бастаған мезгілі болып есептеледі.
Оғыздардағы жоғарғы билік иесі – жабғу. Жабғудың мұрагері инал деп аталды. Оны атабектер тәрбиеледі. Әскербасы сюбашы деп аталған. Жабғудың кеңесшілері күл - еркін деп аталды. “Оғызнама” дерегінде көрсетілгендей, жабғу өзінің жерін 12 аймаққа бөліп басқарған.
Оғыздар қарлұқ, қимақ тайпаларымен бірігіп, Еділ мен Жайық аралығындағы печенегтерді жеңеді. 965 жылы оғыз жабғуы Киев князі Святославпен Хазарларға қарсы әскери одақ құрды. Нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалды. Орыс жылнамаларында 985 жылы князь Владимирдің оғыздармен одақтасып, бұлғарларға жорық жасағаны туралы айтылады. 10 ғасырдың соңы мен 11 ғасырдың басында Әли жабғудың кезінде мемлекет жағдайы күрт нашарлады. Үздіксіз соғыс пен шектен тыс алынатын алым - салық оғыздардың наразылықтарын туғызды. Жент қаласын салжұқтар басып алады. Алайда қала тұрғындары салжұқтарды Женттен қуып шығады. Әли жабғудың мұрагері Шахмәлік тұсында Оғыз мемлекеті күшейді. Ол 1041 жылы Хорезмді жаулап алады. Алайда 1043 жылы салжұқтардың қолынан қаза тапты. Қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады. Ақырында, 11 ғасырдың басында Оғыз мемлекеті құлады.
Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, Жуара, Жент атты қалалардың орналасуы оғыздардың отырықшылығын дәлелдейді. Ал Сырдарияның орта ағысындағы Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ, Сауран қалалары туралы Махмуд Қашғари жазған.

Конспект сұрақтар
1. 11 ғасырда оғыздарды Сырдария, Арал бойынан ығыстырған тайпа:
2. Оғыздардың күзгі жайылымдары туралы дерек қалдырды:
3. Оғыздарда елтірі беретін қойлар көп өсірілетін аймақ:
4. Жанкент, Жент, Жуара қалалары орналасты:
5. “Түрік қолөнердің барлық түрін өзі істейді…” деп жазған тарихшы:
6. Шахмәлік Хорезмді жаулап алды:
7. Салжұқтар басып алған қала:
8. 985 жылы оғыздар шабуылдаған ел:
9. Оғыздардың Киев князімен бірігіп, Хазарларды талқандаған жылы:
10. Оғыздардың қарлұқ және қимақтармен бірігіп жеңген тайпасы:
11. Оғыздар жеріндегі аймақтар саны:
12. Оғыздардағы шонжарлар кеңесі:
13. Оғыздардағы жоғарғы билік иесінің лауазымы:
14. Оғыздар 24 тайпадан тұрған деп жазған ортағасырлық ғалым:
15. Оғыз мемлекетінің аумағы:
16. Жетісуда Қарлұқ қағанаты құрылғаннан кейін оғыздар ығысты:
17. Хазарларға қарсы соғыста Киев князі Святослав кімдермен одақ құрды:
Тақырыптың тесті

Оғыз мемлекеті (9 ғасырдың соңы – 11 ғасырдың басы). жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама