- 04 жел. 2015 00:00
- 227
Өгізбайға айтқаны
Адайда түрікменадай Өгізбай деген ақын болыпты. Ол Төребек ақынды жеңіп, кеуде қағып жүрсе керек. Бір күні Абылға келіп:
- Кетеде Шернияз, Тазда Есенбақ, Адайда өзім-ақ, -депсің, - деп ашуланған екен.
Сонда Абыл оның мақтаншақтығын біліп:
- Кетеде Шернияз,Тазда Есенбақ, Адайда Өгізекең-ақ! - Осылайша айтып едім, -деген екен. Өгізбай риза болыпты.