- 05 нау. 2024 03:27
- 186
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Сабақтың тақырыбы: Өкпенің құрылысы мен қызметі.
8 сынып
Сабақтың мақсаты: 1) Тыныс алу жүйесін оқуды жалғастыру, өкпенің құрылысы мен қызметін оқу, өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасудың маңызын көрсету, қанайналым жүйесі мен тыныс алу жүйесіндегі байланысты көрсету.
2) Өзінің денсаулығын сақтауда жинақылыққа және зейінділікке үйрету. Санитарлық гигиеналық дағдыларын және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
3) Оқушылардың ойлау қабілетін., синтездеу, талдау, нақтылау, қорытындылау қасиеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: «Өкпенің құрылысы», «Тыныс алу жүйесі» деген кестелер, оқулықтағы суреттер.
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, баяндау, көрнекілік.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Амандасу, кезекші есебін тыңдау.
ІІ. Үй жұмысын сұрау
§ 38 мазмұнын сұрау. Қосымша сұрақтар қою.
А
1. Неліктен тыныс алуды – тіршіліктің негізі дейді?
2. Көмекейдің құрылысы мен қызметін түсіндіріңдер. Ерлердің дауысы жуан, әйелдердікі жіңішке болу себебі неде?
3. Кеңірдек қайда орналасқан?
В
1. Тынысалу мүшелер жүйесіне жататын мүшелерді атаңдар, тыныс алу дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Мұрын қуысының құрылысы мен қызметін талдаңдар.
3. Дыбыс сіңірлері қай мүшеде орналасқан, оның қандай маңызы бар?
С
1. Мұрын қуысында ауаның ылғалдануы, жылынуы қалай жүзеге асады?
2. Көмекей қандай шеміршектерден құралған?
3. Ауатамырлар мен өкпе көпіршіктерінің құрылысы қандай, олар қайда орналасқан?
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
Өкпе – кеуде қуысының қабырғасына жанаса орналасқан серпімді, кеуекті мүше. Өкпеде қантамырлары көп болғандықтан, түсі қызғылт. Адамда 2 өкпе болады:
• Оң жақ өкпенің жүлгелері – үш бөлікке
• Сол жақ өкпені екі бөлікке бөледі.
Екі өкпенің біріне – бірі қараған ішкі бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Ол арқылы өкпе артерия қантамырлары, ауатамырлары, жүйкелер өкпеге енеді, өкпе вена қантамырлары шығады. Екі өкпенің арасындағы кеңістікте жүрек сол жаққа таман орналасқандықтан, сол жақ өкпе сәл кішілеу болады. Әр өкпенің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген қабықша – өкпеқап қаптайды. Кеуде қуысының ішкі қабырғасы да астарлықпен астарланады. Астарлық қабаттарының арасында астарлық қуыс болады, онда ауа болмайды. Өкпе көпіршіктері серпімді болғандықтан, тыныс алғанда созылады. Өкпе көпіршіктері жүйке жүйесімен тығыз байланысты.
Өкпенің құрылысы мен қызметі. жүктеу