Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Оң сандар және теріс сандар
Сабақ: Оң сандар және теріс сандар
Математика 6 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Оң және теріс сандармен жұмыс істеу арқылы түсініктерін дамытады, есеп шығаруда жаңа ойлар қалыптасады.

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
Тақырып бойынша ойларын айқын тұжырымдайды; Диалогтік оқытудағы жоғары және төменгі мәртебелі сұрақтарды қойып үйренеді. Оқушының сыни ойлауы қалыптасады
Оқушылардың басым бөлігі: Координаталық түзуді пайдалану арқылы координатарды енгізуді дұрыс орындайды.
Кейбір оқушылар: Оң сандар және теріс сандар. Координаталық түзудің маңыздылығын бағалайды.

Тілдік мақсат: Оқушылар: мысалдар келтіріп және сипаттай алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер: Оң мен теріс сандар, «плюс», «минус» таңбалары, градус, санақ басы.
• Координаталық түзу, санақ басы, бірлік кесінді, оң бағыт, теріс бағыт, нүктелердің координаталары.

Ұйымдастыру кезең
Сәлемдесу
Түгендеу
Психологиялық дайындық

Қызығушылықты ояту
Басталуы «Миға шабуыл» сұрақ жауап
Біз қандай сандарды білеміз? натурал сандар
• Нәрселерді санағанда қолданылады.
• Шамаларды есептегенде, өлшегенде натурал сандармен қатар
- жай бөлшектер
- ондық бөлшектер қолданылады.

Мағананы тану
Ортасы
Жигсо» әдісі бойынша
Тақырыбы: Оң және теріс сандар.
1топ Натурал сандар.
2топ Оң және теріс сандар. Координаталық түзудегі нүктелердің координаталары.
3топ Оң және теріс сандардың өрнектелуі. Координаталық түзудің орналасуы.
Оң және теріс сандар не үшін қолданылады?
• Өлшеу, есептеу жұмыстарында шамалардың тура мағынасы мен қарама - қарсы мағынасының өзгерісінің сан мәнін ажырата білу үшін оң және теріс сандар қолданылады.
• Шамалардың тура мағынасының сан мәнінің алдына «+» таңбасы қойылады.
• Шамалардың қарама - қарсы мағынасының сан мәнінің алдына «-» таңбасы қойылады.
• Шамалардың оң және теріс сандармен жазылуы:
Тура шамалар ----------------- Қарама - қарсы шамалар
жылы – (+50С) ----------------- салқын – (- 70С)
биік – (+2340 м) ----------------- терең – (- 180 м)
пайда – (2340 тг) ----------------- шығын – (- 2000 тг)
ұтыс – (+10) ұпай ----------------- ұтылу(жеңілу) – (- 2) ұпай

Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
Тарғап ауылы, Тарғап ауылындағы орта
мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ
математика пәнінің мұғалімі Камалова Шнар Болатовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама