Оқшау сөздерді қайталау
Солтүстік Қазақстан облысы,
Қызылжар ауданы,
Шаховское селосы,
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:
Рияпова Толқын Алпысбайқызы
Сынып: 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Оқшау сөздерді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: бағдармалалық материалдарды меңгеру деңгейін бақылау, өзіндік ой-пікірін қалыптастыру; материалдық негізгілерін таңдап беру; тілдік, мәнерлік қасиеттерін көркемдік бейнелерді меңгерту;
Дамытушылық: жарқын деректер мен мысалдарды берілген материал негізінде таңдап алуға бағыттау; танымдық белсенділігін арттыру; пәнге қызығушылығын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа, білімнің қажеттілігін терең ұғына білуге тәрбиелеу;
Сабақтың типі: қайталау, пысықтау,
Сабақтың түрі: топтық
Пәнаралық байланыс: информатика, әдебиет, 9-сынып қазақ тілі
Сабақтың көрнекілігі: эпиграф, кеспе қағаздар, компьютерлер, оқулық, тақта
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын пысықтау.
3. Нені біліп, нені меңгеру керек.
4. Сен қалай ойлайсың?
5. Ғылыми ізденіс.
6. Ойларын жинақтау.
7. Қорытындылау.
8. Бағалау.
9. Үйге тапсырма.
Оқушы міндеті:
- Тапсырманы орындау
- Өз ойын ашық айту
- Бірін-бірі бағалау
Мұғалім міндеті:
- Жұмысқа басшылық жасау
- Тапсырманы беру
- Бағалау т,б,
1. Балалар, бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес. Бүгін ашық сабақ. Сабағымыз мұғалімдерге қатысып отыр. Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Оқшау сөздерді қайталау» деп аталады.
2. Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.
1. Нені біліп, нені меңгеру керек.
Оқшау сөздер деген не?
Олар сөйлем мүшесі бола ала ма?
Оқшау сөздердің сөйлемге қандай қатысы бар?
Қаратпа сөз деген не?
Қаратпа сөзді бастауыштан қалай ажыратамыз?
Қаратпа сөздердің жасалуы, құрамы, орын тәртібі, тыныс белгілері туралы айт.
Қыстырма сөз деген не?
Қыстырма сөздің қаратпа сөзден айырмашылығы Қыстырма сөз деген не?
Қыстырма сөздің қаратпа сөзден айырмашылығы неде?
Қыстырма сөздердің жасалуы, құрамы, орын тәртібі, тыныс белгілері туралы айт.
Одағай сөздер қандай жағдайда қолданылады?
Одағай сөздер тұтас сөйлемге қандай мағына үстейді?
Одағайдың сөйлемдегі орын тәртібі мен тыныс белгілерін айтып беріңдер.
3.Сен қалай ойлайсың?
1-деңгей.
1-топ. 1.1-тапсырма.
Сөйлемдерді көшіріп, қаратпа сөздердің астын сызу.
- Әже, ана кісілер не істеп жүр?
- Ей, Бұқар, Шалқұйрық атым астымда, Сарыарқаның сары белін қақ жарып, жалғыз өзім жортып келеді екенмін.
2-топ. 1-тапсырма.
Сөйлемдерді көшіріп, қыстырма сөздердің астын сызу.
- Байқауымша, абай ақыныңыз да көзі ашық, көкірегі тұнық кісі болған-ау, сірә.
- Үшіншіден, сырғаның қай түрі де бауырға, өт қабынуына әсер етеді деген пікір бар екенін ескертеміз.
3-топ. 1-тапсырма
Сөйлемдерді көшіріп, одағай сөздердің астын сызу.
- Уа, би інім, жүрісің суыт көрінеді, қайдан келесің? - деп сұрады Досбол амандықтан соң.
- Ей, не істер ең сен өкімет болсаң?
2-деңгей.
1-тап. 2-тапсырма.
Сөйлемдердің ара жігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойыңдар. (қаратпа сөздер)
- Ал құрметті Темір аға сезіп отырмын сырыңды
- Жүріп барам ақан аға хатыңыз ба
- Өзім барып әкеле қояйын, қайда жүр екен өзі жануар... деп мияулап сөйлеген сығырайған шал айнала қарады.
2-топ. 2-тапсырма.
Сөйлемдердің ара жігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойыңдар. (қыстырма сөздер)
- Алайдар түрлі жыртқыш аңдарды будандастыру арқылы жаңа тұқым алу тәжрибесі көптен бері жүргізіліп келеді
- Ә мүмкін жауын жауып егін жаппай шығар
- Сөз ұшқыны әрине Нұрқаттың өзінен тараған
3-топ. 2-тапсырма
Сөйлемдердің ара жігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойыңдар. (одағай сөздер)
- Ойбай бізде не қауқар бар
- Қап мынаның баласы
- Апыр-ау бұл кімнің қызы болды екен
4.Ғылыми ізденіс.
Оқушылар өздеріне берілген тақырып бойынша компьютер арқылы жұмыс жасайды.
Жоба тақырыптары.
1-топ. Қаратпа сөздерді бастауыштан қалай ажыратамыз.
2-топ. Қыстырма сөздерді сөйлем ішінен ажырата алуды үйрену.
3-топ. Одағай сөздер сөйлемге қандай мағына үстейді.
5. Ойларын жинақтау.
1-кесте
№ сұрақ жауап
1. Қаратпа деген немене,
Сөзбе, әлде сөйлем бе?
2. Тұрақты орны бола ма,
Қаратпаның сөйлемде?
3. Қай тұлғалы қай сөздер
Қаратпа болып келеді?
Мысалмен сипаттап,
Кім оны айтып береді?
4. Қандай тыныс белгісін,
Қаратпа керек етеді?
5. Талдағанда сөйлемді,
Қаратпа қайда кетеді?
6. Сөз бөлшегіне талдап көр,
Қаратпада қанша жұрнақ бар?
Түбірін тауып байқап көр,
Неше түрлі онда мағына бар?
2-кесте
№ сұрақ жауап
1.Қыстырма деген немене,
Сөзбе, әлде сөйлем бе?
2. Тұрақты орны бола ма,
Қаратпаның сөйлемде?
3. Қай тұлғалы қай сөздер
Қаратпа болып келеді?
Мысалмен сипаттап,
Кім оны айтып береді?
4. Қандай тыныс белгісін,
Қыстырма керек етеді?
5. Талдағанда сөйлемді,
Қыстырма қайда кетеді?
6. Сөз бөлшегіне талдап көр,
Қыстырмада қанша жұрнақ бар?
Түбірін тауып байқап көр,
Неше түрлі онда мағына бар?
3-кесте
№ сұрақ жауап
1.Одағай деген немене,
Сөзбе, әлде сөйлем бе?
2. Тұрақты орны бола ма,
Одағайдың сөйлемде?
3. Қай тұлғалы, қай сөздер
Одағай болып келеді?
Мысалмен сипаттап,
Кім оны айтып береді?
4. Қандай тыныс белгісін,
Одағай керек етеді?
5. Талдағанда сөйлемді,
Одағай қайда кетеді?
6. Сөз бөлшегіне талдап көр,
Одағайда қанша жұрнақ бар?
Түбірін тауып байқап көр,
Неше түрлі онда мағына бар?
6. Қорытындылау.
Оқшау сөздермен сөйлем құрастыру.
7. Бағалау.
8. Үйге тапсырма.
Оқшау сөздерді пайдалана отырып шағын шығарма жазу.
Бірінші желтоқсан дүниежүзілік дертке айналған «Адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы» және «жұқтырылған қорғаныш тапшылық белгісі» атты дертке қарсы күні болып табылады. Соған орай келесі сабақта «Біз бұл дертке қарсымыз» атты шағын шығарма жазып келу.