Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруда топтық жұмыстың ықпалы
Жусупова Тынымкүл
44 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі
Қызылорда облысы Сырдария ауданы
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруда топтық жұмыстың ықпалы
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер мұғалімдер алдына"ХХI ғасырда нені оқыту керек?" және "Мұғалімдер оқушыларды ХХI ғасырға қалай дайындайды?"деген маңызды міндеттерді қойғаны белгілі.Сол себепті Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасының мазмұны осы екі мәселені шешуге бағытталған.
"Оқу дегеніміз не?" деген сұрақ қоя отырып, жауапты зерттеу қортындыларынан іздедім. Оқу дегеніміз:
Бұрын білімнің сандық ұлғаюы, есте сақтау, ақпарат жинақтау болса,
қазір мағынаны тану,оның мәнін анықтау, шынайылықты өзгеше түсіну, түсіндіру.Бұл оқудың бұрынғы оқудан сапалық айырмашылығы тұжырымдамалар оқудың "ішкі" немесе жеке тұлғалық аспектісіне бағытталған .Оқыту оқушылардың шынайылық өмірді түсінуіне көмек беретін құбылыс ретінде қарастырылады.Бұл заманауи көзқарас. "Оқушылардың пәнге деген ынтасын қалай жақсартуға болады?" деген сұрақты қоя отырып, оқушылардың пәнге деген ынтасын және бір бірімен әрекеттестік үдерісін байқау мақсатында сыныптағы іс әрекетті зерттеу жұмысын жүргіздім.
Мақсатым: Оқушының өз ортасында эмоционалдық, әлеуметтік, танымдық тұрғыдан дамуын анықтау, белсенді әрекеттерді үйрету арқылы бірлескен оқуды қалыптастыру, түрлі көзқарастарды тыңдай алатын құзіретті бала болуға ықпал ету . Пәнге деген эмоционалдық қарым-қатынасын зерттеу мақсатымен сауалнама алдым. Қызығушылығы жоғары негізгі бір пәнді анықтау мақсатында алынған сауалнама қортындысы төмендегідей: математика - 30%, қазақ тілі - 20%, Дүниетану - 15%, Ана тілінен - 35%. Енді мен үшін оқушыларымның дүниетану пәніне қызығушылығын қалай арттыруға болады? деген сұрақ туындады.Оқушыларды сабаққа қызықтырып білім алуға деген ынтасын арттыру үшін топтық жұмыс жүргізуді ойладым. Іс әрекеттегі зерттеу тақырыбым: "Оқушылардың дүние тану пәніне ынтасын арттыруда топтық жұмыстың ықпалы". Топтық жұмыс барысында менің білгенім,зерттеушілер дәлелдері бойынша,оқушылар оқу үдерісіне белсенді қатысқанда тиімділікпен оқиды.Шағын топтарда жұмыс істейтін оқушылар оқытылатын нәрсе туралы көп біледі және білгендерін естерінде ұзақ сақтайды екен. (МАН 78- бет) Топтық жұмыс-кез келген мәселенің шешімін табуға септігін тигізеді.Ол білім беру мен білім алудағы жаңа әдістерді ж үзеге асырады және қолдануға мүмкіндік беретін әдіс. Топтық жұмыс оқу тапсырмаларын бірлесіп орындауға бағытталған сынып негізінде жұптық,шағын топ және үлкен топтық жұмысты ұйымдастыруға негізделеді.Оқудағы үдеріс әрекет оқушы арқылы жүзеге асса,мұғалім тек ұжымдық жұмысты бақылап отырады. Топтық жұмыс-оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға ,өзгелердің пікірін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырылған жағдайда тиімді болады. Оқушылардың ойлауын дамыту - топтық жұмыстың басты мақсаты.Топтық жұмыстың арнайы ережелері болады.Топтық жұмыстың ережелері ұжыммен талданады,құрылады,бекітіледі және сол ережеге топ мүшелері бағынулары қажет.Мысалы мынадай жалпы ережелер болуы мүмкін.
-Топтағы әрбір мүшенің өзіндік ой пікірі бар берілген тапсырмаларды орындау жолдары әр түрлі болады.-Топтың әрбір мүшесі ой қозғаушы,пікір айтушы,бағалаушы ролінде бола білуі қажет
-Топ талқылайды,есептейді,жоққа шығарып, басқа жолды көрсетуі мүмкін
-Топтың әрбір мүшесі бар күшін салып жұмыс атқаруы қажет
-Топтың табыстылығы , топтағы әрбір мүшенің өзінің ерекше қабілетін шамасын көрсетуіне байланысты.
-Жанында отырған сыныптасының ойына,пікіріне келіспеген жағдайда оны мәдениетті түрде жеткізу.
Топтық жұмыс әдісін оқыту үдерісіне енгізу дегеніміз, бірлескен жұмыс,ынтымақтастық оқу және өзіндік білім алу дағдыларын қалыптастыру, құрдастардың пайымдауын өңдеу, қорыту,пайдалану мәнін ұғыну.Ол үшін төмендегі жағдайларды бақылап отырамын: жағымды психологиялық ахуал тудыру, қызығушылықты ояту, сәттілікке бағыттау. Бірлескен әрекеттерді қолдануда А.Эйнштейн "Мен шәкірттерімді ешқашан үйретпеймін, мен тек олардың үйренулеріне тиімді жолдар жасаймын" деп атап көрсеткендей, оқушылар арасында бірлескен топтық жұмыс жасауға қолайлы жағдай жасаймын. Ол: біріншіден, оқушыларға еркіндік беру, яғни өзін - өзі дамыту қабілет пен дарынды іске асыру. Екіншіден, топ болып бөлініп отыру, топ ережесін сақтау. Осылайша ынтымақтастық, бірлескен әрекет қалыптасады.Топпен жұмыс оқушылар кезінде өз сыныптастарымен 5-6 оқушыдан құралған шағын топтарда жұмыс жасайды.Олардың ортақ проблемалары болады, сол бойынша олар бірлескен түсінік қалыптастырып, бір- бірімен пікір алмасады, өзара идеяларын талқылап баға береді, ұжымдық білім мен түсінік қалыптасады.Сабақ жоспарлау кезінде жеке, топтық бірлескен оқуды жетілдіру мақсатында ресурстарды тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаландым.Жұмыс барысында оқушыларымды жұптастырып, топтастырып тапсырмалар , зерттеушілік жұмыстар жүргізуде бір бірімен пікірлесу мақсатында диалог құруды ұйымдастырдым.
Төртінші сыныптағы "Дүниетану" пәнінің "Адам" бөліміндегі " Ежелгі адамдар қалай өмір сүрген?" тақырыбындағы сабағыма тоқталып өтейін. Мақсатым: Ежелгі адамдар өмірі жайлы тақырыпты ашу. Ежелгі адамдардың тіршілік мекенін анықтау. Ежелгі, тұрақ, тылсым күш сөздерінің мағынасын анықтау. Шағын топ моделін құру, топпен бірлескен жұмыс жүргізу ережесін сақтау. Күтілетін нәтиже: ежелгі адамдар тіршілігі жайлы айтып бере алады, ежелгі тұрақ, үшкір зат,тылсым күштер сөздерінің мағынасын түсінеді, топта бірлесіп жұмыс жасайды,топ ережесіне бағынады.Сабақ барысында оқушыларды "Сүйек","Таяқ", "Тас"деген сөздермен топтарға біріктірдім.Топ мүшелеріне осы сөздерге кластер құрастыруға тапсырма берім.Топ мүшелері арасында ой қозғау әдісімен кластер құру арқылы тапсырма орындауда зерттеушілік әңгіме жүрді. Олар өз ойларын ашық айтып,ортаға салды, топта талқылады,талдады, қортынды пікірді біреуі шығып қорғады. Топ мүшелері бірін бірі ұпай санымен бағалады.Ойлаудың әр түрлі типтерімен ерекшеленетін үш оқушыны А, В, С деңгейлі, олардың бойындағы кездесетін өзгерістерді бақылау мақсатында зерттеу обьектісі ретінде алдым.Мұндағы мақсатым:А деңгейлі оқушының білімін одан әрі дамытуды, В деңгейлі оқушының есте сақтау қабілетін арттыруды, С деңгейлі оқушының топтық ортада,өз құрбыларымен бірдей әрекет жасап, олармен өзін тең ұстауын қамтамасыз етуді көздедім. Оқушыларды шаршатпай қызығушылығын ояту үшін, сергіту жаттығуларын жасаудың маңызы бар екеніне көзім жетті. Өйткені сергіту сәтінен кейін, келесі тапсырмаға деген құлшынысы арта түскенін байқадым.Бағалау, әрі сергіту ретінде "Баспалдақ" арқылы бағалау ойын-әдісін жүргіздім. Балалар өздерін-өздері бағалады, бір-біріне пікірін білдірді. Үш топқа мәтінді бөліп бердім. Өздері оқып шығып, түсініп өздері әр топқа мазмұнын түсіндіріп берді. оқушылар критерий арқылы бірін -бірі бағалады. Интербелсенді тақтадан бағалау критерилері көрініп тұрды. Топ болып іс-әрекетке жұмылып жатқанда құрдастарының бірлескен әңгіменің мәнін ұғынып, қабылдауы үшін мұғалімдерге оларды бағыттып отыру керек болады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 100- бет)".
"Қазіргі заман адамының сипаты туралы әңгімеле. Адам ақыл ойының дамуы нәтижесінде қол жеткен жетістіктері туралы әңгіме құрастыр" деген тапсырма берілді. Топқа шығармашылық тапсырманы түсіндірдім. Оқушылар арасында кеңесіп ой түйіндеу жұмысы қызу жүрдіӘр топтан берілген мәселе төңірегінде пікір айтылды, өз ойын ортаға салды, дәлелдер келтірді. Топқа біріктіру арқылы балалардың қабілетін, логикалық ойлау деңгейін, тапқырлығын, сын тұрғыдан ойлай білетіндігін анықтауға болады.Үй тапсырмасын "сұрақ жауап" әдісімен тексердім. Сұрақтар жабық және ашық болады. Жабық сұрақтарды оқушылардың өзін – өзі бағалауы үшін қолданған орынды. Сондықтан да бірінші топты екінші топ, екінші топты үшінші топ, үшінші топты бірінші топ тексеріп, бағалады.
"Құмырсқаның тіршілігі жайлы" зерттеу жұмысы тыңдалды. А деңгейлі оқушы:"Құмырсқа кішкене бойлы, еңбекқор жәндік.Мен олардың илеуін көрдім.Илеуі кішкене төмпешік түрінде болады, айналасында майда, жұмсақ,құмдар үйіліп жатады. Олар илеуінің ішін тазалап тұрады. Құмырсқа жаз бойы дем алмай жұмыс істейді.Олар қысқа жаз бойы дайындалады"деп өз ойын ашық білдірді. В деңгейлі оқушының "Құмырсқалардың інінде жолдар көп болады, бірақ олар ешқашан жаңылыспайды, қателеспейді.Өйткені олар өте сезімталдықпен жұмыс істейді"деген жауаптары тартымды болды.С деңгейлі оқушым: "Құмырсқалар күндіз-түні дамыл таппай еңбек етеді. Оның ешкімге зияны жоқ. Олар биікке өрмелей алады. Құмырсқалар батыл жәндік" деп өз ойын анық айтты. Топқа: Ой қозғау мақсатында" Ұшқыр ой мен қиялдан туған дүниенің шындыққа айналуы мүмкін бе? Мүмкін болса, ол жайлы білетін ертегі әңгімелерің қандай? деп тапсырма бердім.Оқушылар ұзақ мерзімді жадының көмегімен, бұрын білетіндерін еске түсіріп, пікірлерін ашық айтты. С деңгейлі оқушым ертегіні көп тыңдағанын байқатты. Ол: "Адам қиялына тек ертегілерде жетеді" деген пікірін білдірді. "Оқы да,есте сақта" тапсырмасы кезінде әр топ өз ішінде ойланып, түйінді ойды айтуға бір оқушы дайындады.. Әр топтағы ойлау деңгейі жоғары балалар арқылы қасындағы басқа оқушыларда да сыни көзқарас қалыптаса бастағанын аңғардым.
Выготскийдің пікірі бойынша: оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін жандармен әлеуметтік қарым – қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады.
Тақырып төңірегінде "Тығырықтан шығу...." ойынын жүргіздім. Бұл тапсырманы әр түрлі деңгейлеп бердім. Көздеріңді жұмып: ежелгі адам, тас, тау,үңгір, қашау, тұрақ төңірегінде ойланыңдар дедім. Мысалы: Егер сен ежелгі адам болсаң,қалай өмір сүрер едің?- деген сұрақ қойдым. Осы тапсырмаға "Егер мен ежелгі адам болсам үлкен тас үңгірде достарыммен бірге тұрамын. Біз қорықпаймыз,өйткені біз көппіз, татумыз" деген пікірлерінен менің жасаған еңбегімнің өнімі, ынтымақтастық оқудың аспектісі, топтық жұмыстың нәтижесі осы ғой деп қортынды жасады." Бағдаршам" тәсілі арқылы кері байланыс алдым. Көптеген оқушылар сабақ материалын жақсы игергенін байқатты. Мазмұндау кезінде қиналған оқушылар постер қорғау кезінде, енді бірі суреттеп салу кезінде, не эссе жазу кезінде өз артықшылықтарын көрсетіп жатты. Дер кезінде мадақтап, бағалап отырғаным оқушының ынталануына, пәнге қызығуына ықпал етті деп ойлаймын.
Оқушылардың оқып – үйренуіне жеңіл болу үшін және оқушыдан кері байланыс алу мақсатында әр сабаққа дайындаған жоспар бойынша оқушының "жұмыс парағын" пайдаландым. Жұмыс парағында оқушы орындауға тиіс барлық тапсырма берілген және осы арқылы оқушы сабақта қандай тақырыппен танысты, сабақ ұнағанын, ұнамағанын жазады.Ұсыныс ретінде барлық пәндер осындай жаңа әдіспен топқа бөліп өтсе біз сабақты жақсы түсінер едік делінген. Мұғалімнің түсіндіргенінен гөрі , өздерінің бірін-бірі топта үйретуі қызығушылық туғызған, ынталары артқан. Оқушылар өз бетінше ізденуге үйренді, зерттеушілік әңгіме барысында бір-бірімен диалог арқылы ақпарат алмасты, өз ойын ашық айтуға, жолдасының ұсынысын талдауға үйренді, өзін-өзі реттеуді үйренді.
Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан дами түсті, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз пікірлерін айтуға,қорғауға мәжбүр болды. Осылайша,құрбы- құрдастарымен қарым-қатынас жасауға ,өз ойларын ұсынуға ,қорғауға ,оған белсенді қатысуға мүмкіндік алды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық .
2. Дүниетану. 4 - сынып "Атамұра" баспасы
3. Ғаламтор материалдары.