Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Оқушылардың шетел тілін үйренудегі қызығушылығын арттыру жолдары

«Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту -  ең маңызды мақсат»

К.Д.Ушинский

Жеке тұлғаның мотивациялық жүйесі сол адамның ішкі жан – дүниесі мен сыртқы мінез – құлқын көрсететін, оның қоғамдағы орны мен мәдени – рухани деңгейін анықтайтын аса маңызды факторлардың бірі екені даусыз. Мотивация – адамзат әрекетіндегі негізгі қозғалтқыш күш болып табылады, яғни белгілі бір мақсатқа жету үшін  ынталандыру үдерісі.

Әлеуметтік-психологиялық мінездеме, ерік қасиеттері, көңіл – күй, шағымдар, әлеуметтік күтілім, бағыт құндылықтар – барлығы тұлғаның жеке қасиеті болып табылып, мотивациялық ортаның түсінігін береді.

Шет тілін оқытуда мотивацияның басты рөлін түсіну үшін, білім беру мекемелерінде мұғалімдерге оның негізгі әдіс – тәсілдерін, құрылымын жақсы білуі қажет.  Мотивация мәселелерін қарастыруда және қалыптастыру жолын іздестіруде оны түсінуге мүмкіндік бола бермейді, себебі, мотивацияның қалыптасуы бұл мұғалімнен оқушыға берілмейтіндігі әр сабақтың үрдісінде көрінеді. Уәждердің қалыптасуы  - бұл, біріншіден, сабаққа деген ішкі ынта сезімінің көрінуі және барлығын түсіне отырып, мотивациялық құндылықтар ортасын өз бетінше әрі қарай дамытуы.

Шет тілін оқытудың тиімділігін тек қана  білім алушыларға байланысты емес, оқыту стратегиясына байланысты.  Осы стратегиялардың үйлесімімен ең жоғарғы  тиімділікке қол жеткізуге болады. Бұл мақсатқа  жету үшін ең басты фактор мыналар: мұғалімнің  білім алушыға немесе оқушыға деген педагогикалық іс- әрекеттің тиімділігін  жетілдіру және сабақтағы әлеуметтік – психологиялық бірлестік жағдайындағы қарым – қатынасы. Оқушылардың танымдық  қызығушылықтарын және  шығармашылық ойлау белсенділіктерін амыту үшін әрбір мұғалім өз сабағын қызықты, тартымды өткізеді.

Қойылған мақсаттарға жету үшін бастауыш оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіру, дамыту және сабақта ойын түрлерін қолдануы керек. 

Өйткені, ойын – көңіл – күй, ойлау күштерін талап ететін, ұйымдастырылған сабақ болып табылады. Әр кез ойын шешім қабылдауды ұсынады, себебі, жеңіске жету мақсаты болады.  Осы сұрақтарды  шешуде ойлау шығармашылықтары қалыптасады. Егер бала шет тілінде сөйлейтін болса, онда оқыту мүмкіндіктерінің үлкен жолы ашылады.  Бірак, балалар бұл жайлы ойланбайды. Олар үшін ойын – қызықтырусабағы болып табылады. Ойында барлығы бірдей.   Бұл тіпті селсоқ, нашар оқитын оқушылар үшін де қызықты. Пән бойынша алған білімі емес, тіл бойынша дайындығы төмен оқушылар ойында алдыңғы, бірінші болуы мүмкін, себебі, олардың тапқырлығы, жинақтығы ойын барысында көрінеді.

Тең дәрежеде болуды сезіну, қуанышты бөлінуі, тапсырмаларды түсінуі – бұлардың барлығы оқушыға ұялшақтықты жеңуге, өзге тілдегі сөздерді сөйлеуге, яғни, өздерін еркін ұстауға әкеледі және оқыту нәтижелерінде  осыларды көруге болады.  Тілдік материал «білінбей» игеріледі, оқушыларды «мен басқалармен бірдей дәрежеде сөйлей аламын» деген қанағаттанарлық сезім пайда болады. Осылайша, оқу үрдісіндегі ойын келешекте білім алушылардың  шығармашылық ойлау дағдыларын, шығармашылық қызығушылықтарын қалыптастыруға, дамытуға септігін тигізеді.

Сабақта мұғалім ойын барысында «кейіпкерлер» түрін қолданады, себебі, бұл – оқушылардың сөйлеу дағдыларын, шығармашылық белсенділігін, тіл үйренуге деген қиялын дамытуға септігін тигізеді де, вербальды және вербальды емес қарым – қатынас түрлерін қолдана отырып, ағылшын тілдері құралдарымен алмасады (сөздік) оқушылардың сөздік қоры жинақталады, дәстүрлі емес қарым – қатынас жағдайында білімді қолдануда эмоцианалдық – интеллектуалдық жағдайын қалыптасады.

«Жаз және көрсет» - деген тәсіл оқушылардың шет тіліндегі сөздің қорларын қарым – қатынас жасау үрдісінде  қолдануға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл де – әмбебап тәсіл болып табылады, мұны лексика мен грамматиканы бекітуге қолданылады. [1.27б] Қарым – қатынаста қабілеттерін дамыту үшін өлеңдер қолданылады. Әндердің  оқушылар үшін  қызықтылығы  мынада: олардың не жайында айтылатында, қандай әуен түрінде орындалатындығы. Әндер оқушыларға бірдеңе жайлы хабар береді, қызықтырады, яғни қарым – қатынаста бірінші орынды алуға итермелейді.

Оқушылар әндерді үйрену барысында, жаңа ақпараттар алады, шығармашылық қызығушылықтарын  қалыптасуына септігін тигізеді. Мысалы, оқушылар, өлеңді үйрену барысында, дене мүшелері мен сезім мүшелерінің, ағылшын тіліндегі атауымен танысады.  Эстетикалық мотивация жайлы айтпай кетуге болмайды. Әсіресе,эстетикалық мотивация – ойлауды дамытады, көңіл – күй,ойлау, жағымды сезімдерді қалыптастырады.  Бұлардың барлығы оқушылар шет тіліндегі өлеңді сүйіп қызығушылықпен орындаған жағдайда ғана жүзеге асады.

Әндерді орындау мынандай қабілеттерді арттырады:

  1. айту дағдыларын жетілдіреді
  2. дауыс ырғағы және ырғақ артикуляциясындағы нақтылықты жетілдіруге мүмкіндік береді.
  3. шет тілі бойынша тілін, сөздік қорын байытады.
  4. тыңдалым, оқылым дағдыларын, біліктілігін арттырады.
  5. монологтық, диалогтік айтылуларды қалыптастырады.
  6. сөйлеудің дайындалған, еркін түрін дамытады.

Тілді үйрету үрдісінде әндер – дәстүрден тыс мерекелік элемент ретінде білім алушылардың эмоционалды ортасына (кеңістігіне) өз әсерін тигізеді. Өзге оқыту барысында тіл шығармашылығын әуен түрінде қолданғанда, материал тез жатталып, шаршағандарын басады.  Оқу материалдарының мазмұнын іріктеу барысында тез жатталатын, эмоционалды, бояуы қанық материалдарды алғаны дұрыс.  Сабақ материалдарына нақты кейіпкерлерді енгізген жөн. Егер, оқушылар сан елдің мәдениетін, халқын, әлеуметтік өмірінің суретін көрмесе, білімге тек, сөздік құрылыммен шектелетін жағдайда тез ұмытылып қалады.  Жұмыс барысында оқушылармен, оқулықтағы мәтіндерді ғана қолданбай, мұғалім бейнесабақтарды қолдануға мүмкіндігі бар. [2,55б]   Өзге тілдегі қарым – қатынасқа байланысты коммуникативтік тапсырмалар білім алушыларда  үлкен қызығушылық тудырады. Егерде сөйлеу барысында сөздерді көп қолдансан, балалар жақсы жаттайды. Ағылшын тілі сабағындағы диалогтар жаңа сөздерді игеруге көмегін тигізуде, нәтиже көрсеткеніндей коммуникативтік әдістер – оқушылардың сабақ барысындағы сүйікті ең көп қолданылатын әдістерінің бірі. Бастауыш оқушыларына ағылшын тілін үйретуде түрлі әдіс- тәсілдерінің көптігіне қарамастан кейбір қиындықтар кездеседі. Ағылшын тілін оқытуда бастауыш сыныптағы (1-2 сынып) жас ерекшеліктеріне негізделеді: атап айтсақ, тез шаршайды, көңіл аудармау, есте сақтау деңгейі төмендейді. Сонымен бірге, қарым – қатынас қабілеттерін дамытудағы негізгі қиындықтарды, мынадай мотивациялық мәселелерді де жатқызуға болады:

  • Қойылған міндеттерді шешуде оқушыларды тілдік және сөйлеу құралдарының жетіспеушілігі.
  • Оқушылар сабақта ұжымдық тақылауға кейбір себептерге байланысты қатыспайды.
  • Оқушылар шет тілінде байланыс жасау ұзақтығына шыдай алмайды, әсіресе, үлгерімі төмен оқушыларға қатысты.

Осыған орай балалардың физикалық психологиялық  ерекшеліктерін ескере отырып, көп күш түсірмейтін тапсырмалар беруі қажет. Бастауышта ағылшын тілі оқыту кезеңінде әр сабаққа билер және әр түрлі қозғалыс түрлері қолданылады (сергіту сәттері). Бұларды қолдану барысында әрбір оқушыға тілдік материалды сақтау мақсаты қойылады. Өлеңдердің шумақтарын, тармақтарын қолдану күнделікті тәжірибеде негізгі грамматикалық үлгілерін сақтауға септігін тигізеді.  Сонымен бірге оқыту үрдісінде пәнге деген қызығушылығын арттырып, тартымды ойындарға ұласады. [3,30б.]

Таңдамалы сабақ (дәстүрлі емес сабақ) әр түрлі болады, яғни, оқытудың дәстүрден тыс әдіс – тәсілдері қолданылады және мұнда балалардың оқыту деңгейін ғана көтеріп қоймайды, сонымен бірге басқа да қабілеттерін ашуға септігін тигізеді.  Атап айтсақ, өлеңдерді декларациялау қабілеті, сөйлеу дағдыларын дамыту, жағдайды көрсету, шет тілінде өлең айту, сөйлеу барысында өзіндік көзқарасын беру, болып жатқан жағдайлар туралы ақпарат беру,  сөйлеу мәдениетін сақтау,ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің салт–дәстүрлерімен, мәдениетімен жан–жақты танысады. Сабақта оқушылар шығармашылығы ағылшын тілін оқытудағы басты коммуникативті бағытқа жүгінеді. Ең бастысы балалар мұғалімдермен тығыз байланыста бірлесе отырып,тек алған білімдерімен қатар тілдік жеке сөйлеу материалдарын игеріп қоймай, бастауыш сынып оқушыларын, коммуникативтік дағдыларын қалыптастырып, тиімділігін анықтайды. Сондай–ақ ағылшын тіліндегі мәдениетаралық қарым – қатынасқа қатысуға оқушылардың дайындығы мен ынтасын қалыптастырады. Тек оқушылардың сабақ шығармашылығындағы, яғни, сабақ барысында, негізгі түрлері – шет тілінде айтылым, оқылым, жазылым болып қана қоймай мұғаліммен жеке бір – бірімен жанды, белсенді қарым – қатынас болуы керек. Балалардың шет тіліне деген қызығушылығын арттыру үшін оқу үрдісінде сабаққа деген белсенділігін жақсы ұйымдастыру керек.  Аталып өткен әдіс – тәсілдер, бастауыш сыны оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға септігін тигізеді. Әсіресе, танымдық қызығушылығын дамыту осы жас ерекшелігінде тиімді болмақ.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Бочарова Л.П. 1996; - 27б.
  2. Гальскова Н.Д. 2004; - 55б.
  3. Фурсенко С.В. 2005; - 30б.

Ыбырай Алтынсарин атындағы
Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының
4 курс студенті Зейнулла Гүлмира Қайрбекқызы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама