Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Оқушылардың үлгерімі

Үлгермі төмен – бұл әр мектептің өзекті проблемасының бірі болып саналады. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс- бұл мұғалімнің  үлкен басым міндеттерінің бірі. Ең алғашқы кезең үлгермеуші 1-сыныпта байқалады - ол оқушының жеке қасиетіне, мұғалімнің жіберген қателіктеріне, денсаулығына байланысты. Кейінгі кезең бұл орта буын. Себебі 5-7 сыныптарда оқушылардың оқуға деген көзқарасы өзгереді. Оқушылардың 75 пайызында қорқақтық пайда болады. Ескертулерді, түзетулерді, ұрысуды күтіп отырады. Соңында қайта оқуға деген көзқарастары дұрысталып, оқи бастайды. Американдық Холингсварс оқушыларды оңтүстікке ұшып бара жатқан құстарға теңейді, ортасында құстар бұлт тәрізді шоғырланып бірге ұшады, алдында, артында топ сирей бастайды.       

Үлгерімі төмен оқушы жетістіктерін көтеру, мадақтау әдістерінің бірі:

«Сенде мына бөлім өте жақсы орындалды», «Сенің қолыңнан бәрі келеді»... «Өткенде жақсы орындап едің есіңде ме?», «Бізге сенің білгенің өте қажет». Осы әдістерді мұғалім көбірек қолдану керек. Оқушыны бір нәрсеге қызықтыру керек. Неге бейімді содан бастап, жақсы жағы байқалса, мадақтап, есімін үлкен әріппен тақтаға жазып, оқушыны қуантса. Орындамаған тапсырмаларына ескерту айтпай, қайта орындауға мүмкіншілік беру т.б.

Мұғалімдерге арналған үлгерімі төмен оқушыларға жүргізілетін жұмыстарына ұсыныс.

1. Оқушыларға  Не? Қалай? деген сұрақтарды көбірек қою.
2. Үлгерімі төмен оқушылармен сыйластық қарым-қатынаста болу.
3. Кішкене ғана жетістіктерін әрқашанда мақтап, мақұлдау.
4. Жаңа сабақты түсіндіргенде өмірмен байланыстырып қызықты әдістерді пайдалану.
5. Сабақ бойы қалай түсініп жатқандарын қадағалап, қозғап сұрап отыру.
6. Кластағы қоғамдық жұмыстарға қатыстыру.
7. Өз қателіктерін түзуге мүмкіншілік беру шарт.

Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын-алу жұмыстары көп уақытты, ынта жігерді қажет етеді. Денсаулығы дұрыс кез-келген оқушы мектеп бағдарламасын толық игеруі керек. Мұндай артта қалудың алдын-алу үшін  балаларды ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірбиесін кеңейтуге бағытталу керек. Мұғалімдер сабақ үстінде көбірек көрнекіліктерді қолданып, тереңірек талдау жасау қажет. Оқудағы үлгермеудің түрлі себептері бар, сондықтан ақыл-ой дамуындағы артта қалушылық сипатына байланысты үлгермеушіліктің арнайы түрлері айқындалған. Үлгермеудің бастапқы түрі  балада ерте жасынан, тіпті мектепке дейін басталады. Екіншісі баланың кіші мектеп жасынан тұрақты байқалады. Үшінші түрі бастауыш сатыдан орта буынға өту кезінде көрінеді. Үлгермеушілік кейде аяқ астынан басталса, кейде баяу, біртіндеп басталады. Мұғалім өзгерісті ерте байқап, баламен жұмыс кезінде жеке тәсілдерді қолданса, алдын алуға болады.

«ХХІ ғасыр мұғалімінің нобайы» тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, 12 жылдық оқу жүйесіне көшу барысында оқушылардың психалогиялық дайындығын анықтау және жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету мақсатында психалогиялық-педагогикалық тұрғыдан сараптап талдау жүргізіліп келеді.

Қазіргі кезде халыққа білім беру жүйесінде үлгерімі төмен оқушыларына үлкен көңіл бөлініп отыр және бөлініп келген. Денсаулығы дұрыс кез келген оқушы мектеп бағдарламасын толық игеруі керек. Үлгерімі төмен оқушылардың басым көпшілігі оқу бағдарламасын қиындықпен, тіпті кейбіреулері негізгі пәндерден ұзақ уақыт бойы үлгермейді.

Үлгермеуші оқушыларды зерттеуде ғалымдар екі мәселеге тоқталады.

1. Оқытушы қалай оқытады?

2. Оқушы қалай оқиды және осы кезде оның дамуы қалай жүзеге асады?

Алдыңғы қатарлы, тәжірбиелі, көптеген жылдар бойы жоғары тұрғыда сабақ беріп жүргенмұғалімдердің пікірі бойынша сабақтың сапасын арттыру белсенділік, жүйелілік, бірізділік, шамаға лайықтылық, саналылық, дидактикалық ұстанымдары пайдалану, үй тапсырмасын орындау, ғылыми жұмыс істеу, т.б. жемісті нәтиже береді. Ал психалогиялық тұрғыдан қарастыратын болсақ, баланың үлгермеу себебін ашу үшін психалогиялық қасиетін ашуды қажет етеді (ұялшақтық, баяу ойлау, қиын қабылдау.)

Үлгерімі төмен оқушыларды ғылыми зерттеу жұмысының көз-қарасы бойынша үш категорияға бөлуге болады.

1. Барлық пәндерден үлгермейтін оқушылар

2. Негігі пәндерден ұзақ уақыт үлгермейтін оқушылар.

3. Кей кездерде үлгермейтін оқушылар

Үлгермеуші оқушыларды анықтау – теориялық жүзінде емес, тек іс жүзінде де өте маңызды міндеттерінің бірі. Өйткені, үлгермеушіліктің одан құтылу жолдарын зерттеу және одан құтылу керек.

Үлгермеуші оқушылардың типалогиясы туралы құнды материалдарының еңбектерінде бар. Осыған сүйене отырып, біз зерттеу жұмыстарының үлгермеуші оқушылардың не себептен үлгермеуіне байланыстырып көрсетіліп, оқушының жеке басының ерекшеліктеріне баланың ерекшеліктерін 5 топқа бөлдік.

1. Оқуға дұрыс емес қатынастағы оқушылар.
2. Оқу материалын қиындықпен игеретін оқушылар.  
3. Оқу жұмысының дағдысы мен тәсілдері
4. Еңбек ете білмейтін оқушылар.
5. Танымдық және оқуға деген қызығуы жоқ оқушылар.

Үлгермеуші мектеп оқушыларының типін анықтау оқушылардың әр түрлі ерекшеліктері бір-бірімен тығыз байланысты және үлгермеуші оқушылардың ерекшеліктері бір-бірімен тығыз байланысты және үлгермеуші оқушылардың ерекшеліктері толық кешенді түрде анықталатындай етіп жүргізілді.

Біздің мақсатымыз-әр оқушының психалогиялық кейіпін айқындау, психалогиялық байланысын және оның өзгерістерін зерттеу. Зерттеу жұмысы мектепте және сыныптан тыс уақыттарда да жүргізілді. Сондай-ақ оқушыларды тереңірек зерттеу үшін эксперименттік әдіс пайдаланылады. Оқушылардың ұзақ уақыт бойы үлгермеуінің  себебі , псиикалық функциясының әлсіз, нашар дамуынан емес пе деген мақсатта оқушылардың есі мен зейін ерекшеліктерін зерттедік. Тәжірбие барысында сөздер мен сандарды есте сақтауда үлгермеуші оқушылар жақсы үлгеретін оқушылардан айырмашылығы болмады.

Зерттеуіміз көрсеткеніндей, үлгермеуші оқушылардың есі мен зейін әрекеттерінің көрсеткішінің төмен болуы олардың психикалық үрдестерінің патологиялық өзгерісінен, ауытқуынан емес,олардың дұрыс жұмыс істеуге. 

Үлгерімі төмен оқушылардың қасиеттері неге байланысты: 1) ойлау қасиетіне; 2) жеке адамның бағыттылығында.

Бұл қасиеттердің арасында бір-бірімен байланысты үш сәйкестік бар, Олар төмендегілер.

1. Оқушының ойлау әрекетінің, санасының төмендегі, оқуға деген дұрыс қатынасының сай болуы және оқушының бағытының сақталуы.

2. Оқушының  ойлау әрекеті сапасының жоғарлығы, оқуға деген теріс қатынасының болуы және оқушының бағыттылығы толық немесе жарым-жартылай жойылуы.

3. Оқушының ойлау әрекетінің, санасының төмендегі, оқуға деген дұрыс қатынасының сай болуы және оқушылық бағытының сақталуы.

Осы ерекшеліктер үлгермеуші оқушылардың типтерін анықтайды және үлгермеушіліктен құтылудың жолын көрсете алады.

Жаңаөзен қаласы №1орта мектеп

Мектеп психологі: Дармағамбетова Бағила Бегенішқызы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама