- 14 шіл. 2022 00:00
- 335
Ораза тұтпауға рұқсат беретін жағдайлар
1. Ауру
Ауруға шалдыққан немесе ораза тұтқанда ауруы асқынатын кісі ораза тұтпайды. Тұтқан болса, аша алады. Ауруға қарайтын кісі де ауру үкіміне жатады, яғни науқасқа қарауда қиналатын болса, тұтпауға болады.
2. Сафарилік!
104 км алысқа сапар шеккен кісі 15 күннен аз қалатын жерінде сафари (жолаушы) болады. Жолда қиындық туындаса, жұмысына кедергі болса немесе қазаға қалатындай бір жағдайға тап болса, оразасын қазаға қалдыру рұқсат болады.
3. Екіқабат және омырауда баласы болу
Өзіне немесе баласына бір зияны тиетін болса, екіқабат және емізулі баласы бар әйел ораза тұтпайды. Хадис шәрифте:«Аллаһу та'ала екіқабат әйелмен емізулі баласы бар әйелдің ораза тұтпауына рұқсат берді, оразасын кешіктірді» делінген. (Әбу Дауд, Тирмизи, Нәсаи).
4. Аштық және шөл
Қатты аштық немесе шөлдеуге тап болып, өлім қауіпі немесе талып қалу не ауырып қалу жағдайына жолыққан кісі оразасын аша алады.
5. Кәрілік
Өте қарт кісі ораза тұта алмайтындай күйде болса, тұтпайды. Егер күш жинау мүмкіндігі де болмаса, тұтпаған күндері үшін фидйа береді. 30 күннің фидйасы 53 кг ұн.
6. Қорқытылу
Ораза тұтқан адам «оразаңды ашпасаң өлтіремін немесе бір жеріңді кесемін» дегенге ұқсас сөздермен қорқытылған болса, қорқытқан адам күшті болса, әзілдемеген болса, оразасын ашуы күнә болмайды.
Рамазан шәриф айында ораза тұту үлкен сауап. Ешқандай себепсіз ораза тұтпау да үлкен күнә болады. Хадис шәрифте пайғамбарымыз: «Себепсіз Рамазанда бір күн ораза тұтпаған кісі оның орнына жыл бойы ораза тұтса, Рамазандағы әлгі бір күндік сауапқа жете алмайды»(Тирмизи).