- 07 қаң. 2020 00:00
- 229
Оразбайдың ақ белбеу аты
Еренқабырғада аты шыққан атақты сыбызғышы Құрыш деген адам өткен. оның «оразбайдың ақ белбеуі аты» деген өз туындысын көп тартып, халық күйі етіп қалдырған. Ақ белбеу бір кедейдің жүйріктігімен, жорғасы мен аяңына ат желіп ілесе алмайтын, топпен жүргенде қырындай ойнақтап, әсем басатын көркімен елді таңқалтқан ат болыпты. Сондықтан өнерпаздар оны күй етіп, аттың әсем жүрісін күй тілі арқылы бейнелеген. Қысы-жазы арқасынан ер кетпейтін кедейдің жалғыз керігі болғандықтан, ат айыл қиып, ақ айыл болып қалады. Сондықтан ел оны ақ белбеу ат деп атап кеткен.