Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Орнымыз медресе оқып жатқан
Орнымыз медресе оқып жатқан,
Талайлар оқу оқып өнер тапқан.
«Аз-көп» деп, бергеніңді молда сөз ғып,
Әуелден ресім жоқ ғылым сатқан.
Өнер ғой оқу деген таңдай атқан,
Оқу білсең орынды болар мақтан.
Білімге қарсы тұрар қандай күш бар,
Бас иер талай мырза кеуде қаққан.
Таусылмас ғылым теңіз шалқып жатқан,
Соңынан қалмас оның дәмін татқан.
Өмір бойы оқысаң бір таусылмай,
Қиындығы қинайды жанға батқан.
Шынында, ғылым артық мал мен бақтан,
Ғылым болса қара су тасып аққан.
«Оқу оқып не керек, мал таппай» деп
Қазақтың айтқан сөзі надандықтан.
Молда көп, молда деген атын сатқан,
Басалмай, өтірік соққан шариғаттан.
Өзі хат білмесе де «оқуы» көп,
Бас айналған, мылжыңнан діңкең қатқан.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама