Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Өскеменде Мақпал Жүнісова мінген көлік тоқтатылды: жүргізушіге айыппұл салынды

Танымал әнші Мақпал Жүнісова отырған көлікті Өскеменде жол полициясы тоқтатты. Бұл туралы әншінің өзі Instagram парақшасында әзіл аралас видео жариялап, мән-жайды баяндап берді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші концерт беру үшін Өскеменге ұшып келген. Әуежайдан қалаға бара жатқан көлікті полиция қызметкерлері тоқтатқан. Жүргізушінің жол ережесін бұзғаны анықталып, сол жерде хаттама толтырылды.

Көлікті тоқтатудың себебі

Кейіннен Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Lexus LX 570 автокөлігі Бажов көшесінде алдыңғы әйнегінің тым қараңғылатылғаны үшін тоқтатылған. Жүргізуші көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Желідегілер бұл жаңалыққа әртүрлі пікір білдірді. Көпшілігі жол ережесінің бәріне бірдей екенін, әнші болсын, қарапайым азамат болсын, ешкімге ерекшелік жасалмауы керектігін айтты.

Жаңалықтар

Жарнама