Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Отбасы – шағын қоғам
Сабақтың тақырыбы: Отбасы – шағын қоғам.
Сабақтың мақсаты: 1. Отбасы – әр адамның шағын отаны, отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру, оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін білгізу.
2. Үлкендерден адамгершілік, әдеп - инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
3. Ата - анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту, сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, зерттеушілік, жеке жұмыс, тірек үлгілері.
Жабдығы: Н. Ә. Назарбаевтың сөзі, тірек үлгілері, эссе тақырыптары, топтау.
Жүрісі:
I. Қызығушылықты ояту. Қонақтармен амандасу.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Психологиялық дайындық. Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен,-
деп бүгінгі ашық сабағымызды бастаймыз.
II. Мағынаны тану.
1/ Жұмбақ. Онда әкем, шешем тұрады,
Ата - әже, бауырым,
Бәрі бірге қосылып
Бір ұғымды құрады.
/Отбасы/

2/ Ой қозғау. Ал «отбасы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Ал «қоғам» деген не? /Әр топ өз пікірін айтады./
Үйге берілген тапсырманы интернеттен, кітапханадан, үлкендерден сұрау.
3/ Мұғалімнің түсіндірмесі.
4/ Балалар, сендер отбасында қандай міндеттер атқарасыңдар?
5/ Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді тізбектей 4 оқушы оқиды.
6/ Дәптермен жұмыс.
«Отбасы» дегенге әр топ анықтама береді.
Отбасы деген – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.
7/ Ойын «Бәйге». Әр топ сұрақтарға тез жауап береді, жалаушалар -
мен бағаланады.
- Отбасындағы баланың міндеті қандай?
- Отбасы қоры қалай жиналады?
- Туған - туыспен қарым - қатынас деген не?
- Жер бетіндегі ең қымбат адам кім?
- Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
- «Отбасының басшысы» кім болады?
- Нағашы жұрт деген кім?
- Атаң мен әжеге сен кім боласың?
- Үлкенді сыйласаң -... /қадірлі боларсың/
Кішіні сыйласаң -... /құрметті боларсың/.
- Татулық табылмас -.../бақыт/.
8/ Жеке жұмыс. Эссе жазу. Тақырыптары:
а/ Ата, әже – асыл жандар.
ә/ Әке – отбасының қамқоршысы.
б/ Ана – отбасының құт - берекесі.
в/ Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар.
9/ Ата - ананың балаға айтар тілегі. Балалар:«Рахмет!»
III. Ой толғаныс. Бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік? Тірек үлгі.
Н. Ә. Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп тұрады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады».
IV. Бағалау.
V. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, жеті атаны жазып келу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама