Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Ойшыл бала қай бала?
Тақырыбы: Ойшыл бала қай бала?
Мақсаты: Оқушылардың интеллектуалдық білім - білік деңгейін көтеру. Оқуға ынталандыру.
1 - бөлім
Математика
1. Сынып бөлмесін жөндеуге барлығы 19 кг ақ және көк бояу жұмсалды. Оның 7 кг - ы көк бояу болған. Сонда жөндеу жұмысына неше кг ақ бояу қажет болған?

2. Спорт алаңында 30 ұл бала және бірнеше қыз бала жиналды. Қыз балалардың 7 - еуі кем. Спорт алаңында жиналған оқушы саны қанша?

2 - бөлім Ана тілі
1. Мұзафар Әлімбаевтың
«Сөз құдіреті» өлеңіндегі сөз түрлерін теріп жаз.
Тәтті сөз, қатты сөз, шақар сөз, қатал сөз, жұмсақ сөз. Қыңыр, шымыр сөз, батыл сөз, ақын сөз,

2. Мақал – мәтелді жалғастыр
Жаман дос – ***
1. Сиырдың сүті - ***
2. Нар жолында ***

3 - бөлім. Қазақ тілі ойлан, тап:
1. Қазақ әліпбиіндегі ретімен тұрған 21 - інші әріпті жаз.
2. Оңынан да соңынан да оқығанда бірдей сөздерді жаз.
3. Жаңылтпашты жалғастыр.
Киген ***
*** тоны,
Өңді ***.

4 - бөлім
Дүниетану
1. Тұқымның өнуі үшін қандай жағдайлар қажет?
2. тұқым мен жеміс өсімдіктің қай мүшесіне жатады?
3. Жапырақтағы жасыл бояу қалай аталады?
4 Судың қандай қасиеттері бар?
5. компастың қызыл тілі қай бағытты көрсетеді?

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама