tengrinews.kz
- 10 сәу. 2026 04:01
- 26
Өзбек блогері Қазақстан аумағында Каспий теңізіне көлігімен кіргені үшін жауапқа тартылды
Өзбекстандық блогер Илхомжон Йолчиевтің Қазақстанның Каспий теңізіне джиппен кірген әрекеті әкімшілік жауапкершілікке әкелді. Ол 20 АЕК көлемінде айыппұл төледі.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер өз парақшасында жол талғамайтын көлікпен теңіздің жағалауымен жүрген видеосын жариялаған. Видео желіде қысқа уақытта көп таралып, жұртшылықтың назарын аударды. Кейіннен Йолчиевтің Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалы маңында көлігімен тікелей Каспий теңізіне кіргені анықталды.
Заң бұзушылық анықталды
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, блогер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505-бабы («Елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу») бойынша жауапқа тартылды. Оған 20 АЕК, яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бұған дейін де осындай жағдай болған. 2025 жылы Ақтаудағы жағажайлардың бірінде Toyota пикапының жүргізушісі көлікті суға түсіру үшін теңізге кіргізіп, нәтижесінде көлік құмға батып қалған еді. Сол кезде де полицейлер жүргізушіге аталған бап бойынша хаттама толтырған болатын.