- 05 нау. 2024 00:39
- 218
Параллелепипед. Тік призма
Геометрия 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Параллелепипед. Тік призма.
Жалпы мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтау, жүйелеу, бекіту; логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру; оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Оқу нәтижесі:
- Құнды пікір айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйренеді.
- сыныпта диалогтік әңгіме дамиды.
- Топпен жұмыс жасай отырып балалар еркін ойлауға қалыптасады.
Туындайтын идеялар:
- Тікбұрышты параллелепипед туралы білімдерін жүйелеу, тік параллелепипед, тік призма ұғымдарымен және олармен байланысты биіктік, жағы, төбесі, табаны ұғымдарымен танысу, тік параллелепипед, тік призманы бейнелеп үйрену
Сабақ барысы:
Мұғалім іс әрекеті
1. Амандасу
Сыныпта психологиялық ахуал туғызу 2 мин.
«Жүрек жылуы» тренинг
- оң алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілдеп соққан кішкене жүрегіміздің дүрсіліне бір сәт құлақ түріп көрейікші.
- Жүректеріңнің соғысын сезесіңдер ме?
- Біздің жүрегіміз қандай, не деп соғады екен?
- Менің жүрегім сендерге деген мейірімділікке толы.
- Менің жүрегім қамқоршы
- Менің жүрегім адал.
- Менің жүрегім жақсылыққа толы
- Менің жүрегім бақытты.
- Менің жүрегім қайырымды, т. б.
- Олай болса, осы жылы да жұмсақ, батыл да ақылды, қайырымды да мейірімді, нәзік те сыпайы, бақытты да қуанышты жүрегімізденшыққан жылуды айналамызға таратайық.
/алақандарындағы жүректерінің жылуын үрлеу/
Оқушы іс әрекеті:
Оқушылар бір - біріне жақсы тілек айтады
Сыныпты топқа бөлу 2 мин.
Геометриялық фигураларды таңдата отырып, төрт топқа бөледі.
Оқушылар парақ алып, фигуралар бойынша 4 топқа бөлінеді
Үй тапсырмасы: - 5 мин.
Өзара сұрақ қойғызу арқылы өткен тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру өткен тақырып бойынша топ бір біріне сұрақ қояды
Жаңа тақырып - 9 мин. Параллелепипед
Мұғалім тақтаға екі параллелограмм сызады. Оларда параллель жазықтарда АА1, ВВ1, СС1, DD1 кесінділері параллель болатындай орналасқан АВВ1А1, ВСС1В1, CDD1C1, DAA1D1төртбұрыштары да параллелограмм болады. Шыққан фигура параллелепипед деп аталады.
Параллелепипедке анықтама беріңдер.
Жақтарын, қырларын, төбелерін атаңдар. Олар қанша?
Мұғалім параллелепипедке диагональ сызығын сызады. Параллелепипед диагоналы нені қосып тұр?
Қанша диагональ сызуға болады.
1. Бүйір бетінің ауданын табыңдар.
2. Табанның ауданын табыңдар.
3. Толық бетінің ауданын табыңдар.
4. Тік параллелепипедтің көлемі формуласын қалай табамыз?
Призма
а мен в параллель жазықтықтарына орналасқан көпбұрыш сызайық. Сәйкес қабырғаларын қосатын болсақ призма шығады. Призмаға анықтама беріңдер. Жақтарын, қырларын, төбелерін атаңдар.
1. Толық бетінің ауданын табыңдар.
2. Көлемін табыңдар
Көпбұрышты призма түрлерін көрсету.
Параллелограммдарды көсетіп, кесінділерді атайды, параллелепипедтің анықтамасын жазады
Анықтама: Қарама - қарсы төбелерін қосатын кесіндіні параллелепипед диагоналы деп атаймыз.
Sб. б. =a*с
Sтаб.= a*b
Sт. б.= Sб. б.+ 2*Sтаб.
V=a*b*c

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.