Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 сағат бұрын)
Павлодарлық дарындылар Ұлы ақын Абай шығармашылығын суреттеді

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар көркемсурет мектебі ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Қаламынан өнер тамған» графика сайысының қорытындысы шығарды. Байқауға 6 - 17 жас аралығындағы жалпы білім беретін мектептердің 70-ке жуық оқушылары қатысты.

Қазылар алқасы жеңімпаздарды 3 жас категориясы бойынша анықтады: 6 - 9 жас, 10 - 13 жас, 14 - 17 жас «Портрет» және «Иллюстрация» номинацияларында. Балалардың суреттерінде Абайдың өмірі, ақын бейнелері, суреттерде - пейзаждық бейнелер, жыл мезгіліндегі автордың өлеңдерінен сюжеттік суреттер бейнеленген. Олар акварель графикасы техникасында, қарапайым және түсті қарындашпен, фломастерлермен орындалған.

Байқау қорытындысы бойынша 26 оқушы жүлделі орындарға ие болды, 1 орынды- 6, 2 орынды - 6, 3 орынды - 6 оқушы алды. Ынталандыру сыйлықтары: Асылхан Жанель, 7 жас (№ 33 ЖОМ), Юдина Алина, 14 жас (№ 33 ЖОМ), Тажипов Рустам, 12 жас (№ 43 ЖОМ), Шамраев Вадим 10 жас (№ 6 ЖОМ), Ходосовская Евгения, 15 жас (№ 9 ЖОМ), Маменова Дарья, 11 жас (№ 31 ЖОМ), Даир Наргиз, 12 жас (Қ. Макпалеев атындағы ЖОМ), Калиева Жанель, 16 жас (№20 лицей-мектебі).

«Портрет» номинациясы бойынша I орынды «Абай Құнанбаевтың» суреті үшін Шмелева Ксения, 8 жас, № 27 ЖОМ оқушысы, «Абай мұрасы» суреті үшін Әлібекова Алина, 15 жас, № 20 лицей-мектебінің оқушысы, «Абай. Жас жылдары» - Пелих Настя, 12 жас, Қ. Мақпалеев атындағы ЖОМ оқушысы. II орынды «Абай-дара, Абай - дана қазақта» суреті үшін Инсебаева Саида, 8 жас (№ 21 ЖОМ), «Халықтың ұлағатты ұлы» суреті үшін Макатова Дарина, 12 жас (№ 9 ЖОМ), «Ойлану» суреті үшін Беленкова Настя, 15 жас (№ 21 ЖОМ), III орынды «Мен өзім үшін Абайды аштым» суреті үшін Нығманова Диана, 14 жас (№ 33 ЖОМ) иеленді.

«Иллюстрация» номинациясы бойынша I орынды «Жаз суреті үшін 8 жастағы № 28 ЖОМ оқушысы Самошкина Полина, «Бүркітші» суреті үшін № 26 ЖОМ оқушысы Чумак Софья, «Абай кітаптары бойынша» суреті үшін Қ. Макпалеев атындағы ЖОМ оқушысы Полянцева Ангелина иеленді. II орын – «Желсіз түнде» суреті үшін Сүлеймен Арлан, 8 жас (№ 27 ЖОМ), «Жаз» суреті үшін Алькеева Дильназ, 11 жас (№ 38 ЖОМ), «Көзімнің қарасы» суреті үшін Оқасова Айгерим, 14 жас (№21 ЖОМ), III орын – «Жаз» суреті үшін Қайырбек Аяжан, 8 жас (№ 33 ЖОМ), «Қыс өлеңінің» суреті үшін Немова Милена, 13 жас (№ 26 ЖОМ), «Күз» суреті үшін - Герстенллауер Ирина, 15 жас (№ 38 ЖОМ) иеленді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама