Педагогикалық қоғамдастығы жұмысын жүзеге асыру жолдары
Қарағанды қаласы
№ 3 гимназияның
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі
Сабитова Айжан Тлеубековна
«Мектептегі тәжірибе» кезеңінің алты апталығында мектептің педагогикалық қоғамдастығы жұмысын жүзеге асыру жолдары тақырыпты талдау мақсатында мектеп басшысымен талдаудан басталды. А есебінде жоспарлаған «Оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді тиімді пайдалануды жетілдіру» тақырыбын ұсынып, мектеп мұғалімдері үшін қажеттілік деңгейін зерделедік. Мектеп басшысы оқу мен оқытуда пайдаланылатын әдістер мен тәсілдер оқушылардың оқу процесіне тиімді тартылуымен пән сапасының жоғарылауына оң әсерін тигізетінімен бөлісті. Тақырып таңдалғаннан кейін мектеп әдіскері, ІІІ деңгейлі орыс тілі мұғалімі Ж.Б.Н-мен бірлесіп қоғамдастық жұмысының жоспарын мектепте құрылған «Зерде» қоғамдастығының жұмыс жоспарына енгіздім.
Тақырып мақсаты: Оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді тиімді пайдалануды жетілдіруге ықпал ету.
Міндеті: Оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді үйренуге бейімдеу, пән сапасын арттыруда тиімділігін ескеру. Педагогикалық қоғамдастықтың өткен жылғы құрамына өзгеріс енгізіп деңгейлік курс бітірген 6 мұғалім, 6 бірлестік жетекшісі, 2 психолог және 1 тәлім алушыдан құрдық. Жұмыс барысында сауалнама алып, қорытындысын шығарғанда педагогикалық қоғамдастық тақырыбының дұрыс таңдалғанын айқындадым. Қазіргі жаһанданған әлемде болып жатқан жедел өзгерістер мен жаңалықтардан хабардар болып, алған білімін өмірде қажеттілігіне жарата алатындай, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу қазіргі заманда педагог қызметкерлердің басты міндеті. Сондықтанда мен «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде құрған кәсіби тобыммен деңгейлік курстың теориялық білімін бөлісе отырып, өз әріптестеріммен бірлесіп, ынтымақтастықта жұмыс атқарып, мектептегі әріптестерімнің оқытуы мен оқу әдіс-тәсілдеріне қолдау көрсетіп, көмек бердім. Жоспар бойынша жұмыстарымды жүйелі түрде орындадым.Осы ретте сауалнаманың қорытындысы бойынша өткізілген семинарда әріптестеріме оқу мен оқытудағы әдістер мен тәсілдерді жаңашаландыру және өздерінің де заман талабына сай өзгеру қажеттілігін ұсындым. Педагогикалық қоғамдастық жоспарын іске асыру мақсатында алғашқы коучинг-сабақты «Мақсат қоя білу-тиімді тәсілдерге қол жеткізу кепілі»деп алып әріптестеріммен Бағдарлама аясында алған мәліметтеріммен бөлістім. Оқу және оқытудан нәтиже алу үшін бірінші мақсатты дұрыс қою қажеттілігін түсіндірдім. Коучинг-сабаққа әріптестерім белсенді түрде қатысып, тапсырмаларды жоғары дәрежеде орындады. Алайда, жоспардың реттілігі бойынша коучинг-сабақтан алған мақсатты қою үрдісін бақылағанымда, іске толық аспай жатқандығын байқадым. Бірақ, мұғалімдер менің коучинг-сабақта пайдаланған қағазды төрт бүктеп бұрышын жыртқызған тәсілді және «Танграм» әдісін өз сабақтарында пайдаланып жатқандарын көрдім. Яғни, коучинг-сабақтан өздеріне қажеттіні алып өз тәжірибелерінде іске асырып жатқандары жаңашылдыққа қадам басқандарын көрсетеді. Басқару түрі сізге кедергі болса, онда ол тиімді емес, сондықтан оны өзгерту қажет. Осы қағидаға сүйене отырып және әріптестерімнің сұранысын ескеріп «Функционалды сауаттылықты арттыруда тапсырмалар дайындау жолы» тақырыбында қажеттілігіне орай жоғары деңгейді өтті. Әріптестерім қажетті мәліметтерді қайдан алу жолдарын үйреніп, функционалды сауаттылыққа байланысты жасалған тапсырмаларды интербелсенді тақтадан көре отырып орындады. Өз кезегімде тапсырмаларды дайындау барысында жеті модулді оқушылардың қажеттілігіне орай және жас жас ерекшеліктеріне келтіре отырып дайындау қажеттілігін айтып өттім. Семинардан алған мәліметтерін әріптестерім күнделікті сабақ жоспарларына енгізіп, оқу мен оқытудағы өзгерістерді заман талабына сай жасап, іске асырып жатқанын бақыладым.Семинарға 35 мұғалім қатысты.
Педагогикалық қоғамдастық жұмыс жоспарының түйінді сатысындағы «Оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді тиімді пайдалануды жетілдіру» тақырыбында қоғамдастық мүшелерімен өткізілген семинарда сабақ барысында қолданылатын жаңа әдістер мен тәсілдерді кеңінен талқыладық. «Муза» әдіс бірлестігінің жетекшісі М.М.К. өз кезегінде дене шынықтыру мұғалімдеріне әдістер пайдалану аса келе қоймайтындығын айтып өтті. Алайда әдістерді талқылай келе оларды оқушының қажеттілігіне орай өзгертуге болатындығын түсінді. Сонымен бірге ІІ, ІІІ деңгей мұғалімдерімен Бағдарламаның идеясын таратудың тиімді жолдарын талқылап, қорыта келе бірлестік жетекшілеріне пән апталықтары алдында кеңес алу үшін өз бірлестігіндегі мұғалімдерді жинап кездесулер ұйымдастыруды тапсырдым. Әдіс бірлестік жетекшілері бұл ұсыныстың орынды екенін және де ашық сабақтар өткізуде мұғалімдердің оқыту мен оқуда жаңашылдыққа ұмтылатындығын, өзгеріс енгізудің қолайлы екенін бөлісті. Қоғамдастық жұмысының мониторингісін шығару барысында әріптестерімнің өз тәжірибелеріне айтулы өзгерістерді қабылдағанын байқадым. Сонымен бірге әлі де жұмысты жетілдіру қажеттілігін ұйғардым.
Англияның білім беру және дағдылар департаменті 2004 жылғы есебінде «Білім беру реформасын жүзеге асырудың келесі кезеңінде жүйеге жоғары стандарттарды және теңдікті енгізудің жаңа әдістері қажет болады, ол жекелеген оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес келіп, мектептерге мектеп деігейінде шешімдерді дербес қабылдауға мүмкіндік береді. Мұғалімдер мен мектептерге ынтымақтастық жасау қажет және осы үшін кәсіби қоғамдастықтар күшті ұйымдастырушылық нысан болып табылады. Оқытуға бағытталған мектепаралық кәсіби қоғамдастықтар білімге негізделген және оқыту тәжірибесіне енгізілген нақты өзгерістердің негізі болып табылады» деген тұжырым жасаған. Бұл тұжырым басқа мектеп мұғалімдерімен педагогикалық қоғамдастық аясын кеңейтудің маңыздылығын ашып көрсетіп тұр. Осы орайда мектептегі «Зерде» педагогикалық қоғамдастығы қаладағы 2 мектеппен әдіс алмасу мақсатында жұмыс жасайды. Биылғы оқу жылында басқа мектептерден әріптестерді тарту арқылы педагогикалық қоғамдастықты кеңейту бойынша басты ұсынысым қоғамдастықта басқа мектептермен бірлесіп жұмыс істеу арқылы енгізілген өзгерістерді сақтап қалу, яғни мұғалімдердің еңбегін бағалап, ынталандыру.Тәжірибе алмасуда мұғалімдер мен оқушылардың қажеттілігіне жұмыс жасау, басқа мектептегі әріптестерді шақырып қолжетімді, қазір ғана қолданып қоймай, болашақта да пайдаға жарайтын, нәтиже көрсете алатын өзгеріс енгізуге арналған кеңес өткізу. Осы ретте мұғалімдердің жаңа технологияға деген біліктілігін, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, мектептің өзін-өзі бағалау үдерісіне көмек көрсету мазмұнындағы семинар, дөңгелек үстел, коучинг және тренингтер өткізуді ұйымдастыру қажет. Сонымен бірге желілік қоғамдастықтағы мектептерге барып сабақ беріп, тәжірибе шыңдау. Жоспарланған жұмыстарды іске асыру барысында әріптестермен ынтымақтастықта қызмет атқару.
Әлем өзгергендіктен жаңару заман талабы.Сондықтан, мен де оқушыларым да өзгеруі қажет. Олай болса, қазіргі кезде ең басты мәселенің бірі – оқытудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, білімді, рухани бай, салауатты, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға даярлау.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы, 7-б.
2. «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы, 88-б.