Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 11 сағат бұрын)
Практикалық жұмыс /Файлдар, бумалар, белгішелер/
Сабақ №9
Тақырыбы: Практикалық жұмыс /Файлдар, бумалар, белгішелер/
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды WINDOWS ортасының объектілері файл, бума және белгішелермен жұмыс істей білуге үйрету, меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерде жұмыс істеу қабілеттерін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. үй тапсырмасын сұрау
- WINDOWS объектілеріне не жатады?
- Файл дегеніміз не?
- Бума?
- Белгіше?

ІІІ. Практикалық жұмыс.
А деңгейі
1. Кез келген файлдар үшін(өз қалауларын бойынша) қапшық құрыңдар.
2. Жұмыс үстеліндегі жарлықтарды 4 тәсілмен реттеңдер.
3. Құрылған жарлықтардың аттарын алмастырыңдар.
4. Құрылған жарлықтардың белгішелерін алмастырыңдар.
5. Құрылған бір жарлықты қоржынға апарыңдар.
6. Қажетсіз жарлықтарды жойыңдар.

В деңгейі
1. Бірінің ішіне бірі салынған бума құрыңдар.
2. Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар.
3. Жұмыс үстелінде өздерінің бумаларын үшін жарлықтар құрыңдар.
4. Құрылған жарлықтардың аттарын алмастырыңдар.
5. Қажетсіз жарлықты жойыңдар.

С деңгейі
1. Мәтіндік редакторда жарлық құрудың барлық мүмкін тәсілдерін сипаттаңдар.
2. Алынған құжатты Жарлық құру деп сақтандар.
3. Тура осылай бума құру деген құжат құрыңдар.
4. Осы екі файлды жұмыс үстелінде өздерін құрған бумаға сақтандар.
5. Осы бума үшін жарлық құрыңдар.
6. Буманың атын Жұмыс деген атпен алмастырыңдар.
7. Жұмыс бумасын жасырын етіңдер.

Қайталау.
1. Файл деген не?
2. Файл атауының ең үлкен ұзындығы қандай?
3. Бума деген не?
4. Жарлық деген не?
5. Жарлықты қалай құрамыз?
Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма.

Толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама