Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Президент маңызды нысандардың қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі стратегиялық маңызы бар нысандардың қауіпсіздігін күшейтуді талап етті. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президенттің тапсырмасы бойынша, Премьер-министр, күштік құрылымдардың басшылары, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілері, сондай-ақ өңір әкімдері тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, соның ішінде көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылым нысандарының, әуежайлар мен порттардың қауіпсіздігін бақылауға алуы тиіс.

Бұл жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік кеңесінің хатшысына жүктелді. Бұған дейін, 28 ақпанда Президент Тоқаев Ирандағы жағдай шиеленісуіне байланысты елдегі тұрақтылыққа қауіп төндіруі мүмкін жағдайлардың алдын алу үшін шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын.

Сол кезде барлық күштік ведомстволар тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшіріліп, Сыртқы істер министрлігінің жетекшілігімен арнайы мониторингтік топ құрылған еді.

Жаңалықтар

Жарнама