Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Пиньчен шайқасы

Біздің заманымыздан бұрынғы I мыңжылдықта қалыптасқан ғұндар (хунну) тайпасы біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырдың соңына қарай бірігіп, қуатты әскері бар көшпелілер империясын құрған. Біздің заманымыздан бұрынғы 205 жылдан қаған тағына Мөде отырады. Мөде билік еткен тұста жауынгер ғұндар көршілеріне жиі шабуыл жасап, күйрете соққы беріп тұрады. Ғұндардан сескенген қытайлықтар шапқыншылыққа тойтарыс беру үшін Ұлы Қытай қорғанын салғызады.

Ғұндарды Мөде тәңірқұт, ал Қытайды Хань әулетінен Гаоцзу билеген кезеңде Пиньчен қаласы тұсында ірі шайқас болады. Қытай билеушісі ғұндарға қарсы 320 мың әскерін аттандырады.

Бірақ дарынды қолбасшы Мөде қытайларды алдап қақпанға түсіреді. Ұрыс кезінде Мөде әскерінің бір бөлігі қаша жөнеледі. Жеңіске сенімді болған қытайлықтар олардың іздеріне түседі. Бірақ Мөденің есепсіз әскері Бей Дин тауының етегінде оларды қоршап алады. Қоршауды бұза алмаған қытай әскері суық пен аштықтан өле бастайды. Өз әскерін құтқару үшін Гаоцзу Мөдемен татулық келісіміне қол қояды. Ол Мөдеге өз қызын қалыңдыққа беріп, жібек мата, азық-түлік, киім-кешек түрінде мол салық төлейді. Бұл қытайлықтар үшін қорлық еді. Осылайша, ғұндар Қытайды ойсырата жеңеді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама