Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қабағы таудың қатулы
Қабағы таудың қатулы,
Қар жауа ма, қайтеді?!
Бұлақтар мұңға батулы,
Мұз тұра ма, қайтеді?!
Ай туыпты шалқалап,
Шатынап аяз болар ма?!
Тыныстай қапты шартарап,
Шарқ ұрып дауыл соғар ма?!
Жапсаң жап тауды, қыратты,
Жаусаң, жау, ақ қар, үш апта!
Бұйығып жатқан бұлақты
Бұрқана келіп құшақта.
Дала, орман тегіс ілбіпті,
Соқсаң соқ, дауыл, серпіл бір!
Мына бір бейқам тірлікті
Желпіндір, дауыл, желпіңдір.
Шалқадан туған Айды да
Орақ қып көкке шаншып қой.
Жол ашсаң мұңға, қайғыға
Тірлігің онда мансұқ қой.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама