ult.kz
- 29 мам. 2026 10:01
- 52
«Қара бүркіт» колониясында сотталғандар мектеп бітірді
Қостанай облысындағы әйгілі «Қара бүркіт» колониясында «Соңғы қоңырау» салтанаты өтті. Бұл жолы мектеп бағдарламасын аяқтаған сотталғандарға арналған шара ұйымдастырылды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Білім алғандар кімдер?
Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, Жітіқара қаласындағы №39 қатаң режимдегі мекемеде білім алғандар өмір бойына сотталғандар емес. Олар мекеменің шаруашылық жұмыстарына тартылған азаматтар болып шықты. Бұл азаматтар асхана, тазалық және ішкі шаруашылыққа жауап беретін топ құрамында жазасын өтеп жүр.
Салтанатты кеш
Мекемеде өткен шарада түлектер гитарамен ән шырқап, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кеш өте жылы атмосферада өтті. Сондай-ақ, түлектерге жаңа мақсаттар қойып, өмірге басқаша көзқараспен қарауға бағытталған ақыл-кеңестер берілді.
Айта кетейік, «Қара бүркіт» колониясы Қазақстандағы ең қатаң режимдегі абақтылардың бірі саналады. Мұнда аса ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтейді.