Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 сағат бұрын)
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу
Тақырыбы: «Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тригонометриялық теңдеулер шығаруда теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, сапалы біліммен қаруландыру, білімдерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу, шыңдау.
Дамытушылық: студенттердің ой - өрісін жан - жақты дамыту, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау, математикалық сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелік: жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, танымдық ойын, топтық және жеке жұмыс жасау, деңгейлік есептер шығару, тапсырмаларды орындау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер, формулалар, тапсырмалар, әр топтың бағалау бланкі.
Пәнаралық байланыс: информатика

I. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин).
а) Психологиялық дайындық
ә) Дәрісхана дайындығы

II. Сабақ барысы:
Кіріспе сөз. Студенттер бүгінгі сабақта берілетін сұрақтар өткен тақырыптарды қамти отырып, сіздердің білім, біліктеріңізді тексеруге бағытталады.

1). Кім шапшаң? (Ой қозғау стратегиясы) (5 мин)
Мақсаты: тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беру, дұрыс жауаптар үшін ұпай беріледі - (1 сұрақ - 1 ұпай).
Шарты: тақырыпқа қатысты теориялық білімдері тексеріледі.
Интерактивті тақтада берілген тапсырмалармен жұмыс (ауызша).
Теориялық білімдерін тексеру.
1. y=cosx функциясының қасиеттерін ата.
2. Синусоида дегеніміз не?
3. Арксинусқа анықтама беріңіз.
4. Арккосинусқа анықтама беріңіз.
5. Арктангенске анықтама беріңіз.
6. Арккотангенске анықтама беріңіз.
2) «Сиқырлы формулалар»(8 мин)
Мақсаты: тақырыпқа қатысты есеп шығаруға қажетті формулаларды қайталау, пысықтау.

Шарты: Формулалардың дұрыс жауаптарын сызықпен сәйкестендір.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама