Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 52 минут бұрын)
Қарақат Әбілдина Тұрсынбек Қабатовтың қызына ерекше сый жасады

Қазақстанның халық әртісі Қарақат Әбілдина Тұрсынбек Қабатовтың қызы Мөлдір Мұқанның туған күнінде оның қызы Айымға ерекше сый жасады. Бұл туралы Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап, Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші Айымға шаш әшекейі мен дизайнерлік корсет сыйлап, «Біз ырымшыл халықпыз. Өзіңнің қимайтын, жақсы көретін затыңды беру керек екен» деп түсіндірді. Қарақат Әбілдина бұл сыйлығын 30 жылдық сахналық жолындағы тәжірибесімен байланыстырып, жас буынға «бізден де асып түссін, біздің жолымызды берсін» деген тілегін жеткізді.

Бұл көріністі көрген желі қолданушылары әншінің іс-әрекетін жоғары бағалап, «Керемет», «Қарақаттың жолын берсін», «Тамаша сыйлық» деп пікір қалдырды.

Жаңалықтар

Жарнама